Анықтамалық нұсқаулық
E38
Анықтамалық бөлім
Бейнефильмдерді өңдеу
Жазылған бейнефильмнің қажет бөліктерін бөлек файл ретінде сақтауға болады.
1 Қажет бейнефильмді ойнатып, шығарып алу керек бөліктің басталу
нүктесінде кідіртіңіз (A100).
2 I басқару элементін таңдау үшін мульти
селектор J немесе K түймешігін басыңыз,
сонан соң k түймешігін басыңыз.
• Бейнефильмді өңдеу экраны көрсетіледі.
3 M басқару элементін таңдау үшін H немесе
I түймешігін басыңыз (Сhoose start point
(Бастау нүктесін таңдаңыз)).
• Өңдеу басталғанда, ойнату кідіртілген жердегі жақтау
басталу нүктесі болады.
• Бастау нүктесін бейнефильм басталуы қажет нүктеге апару
үшін J немесе K түймешігін басыңыз.
• Түзетуден бас тарту үшін O (қайтару) пəрменін таңдау
мақсатында H немесе Iтүймешігін басыңыз, сонан соң k
түймешігін басыңыз.
4 N басқару элементін таңдау үшін H немесе
I түймешігін басыңыз (Сhoose end point
(Аяқтау нүктесін таңдаңыз)).
• Оң жақтағы аяқтау нүктесін бейнефильм аяқталуы қажет
нүктеге апару үшін J немесе K түймешігін басыңыз.
• Бейнефильмнің сақталатын бөлігін ойнату үшін c (preview
(алдын ала қарау)) пəрменін таңдап, k түймешігін
басыңыз. Алдын ала қарау ойнатылып жатқанда дыбыс
деңгейін реттеу үшін масштабты таңдауды айналдырыңыз.
Алдын ала қарау ойнатылып жатқанда ойнатуды тоқтату үшін k түймешігін басыңыз.
1
m
30
s
1
m
30
s
Choose start point
Choose end point