Анықтамалық нұсқаулық

E42
Анықтамалық бөлім
White Balance (Ақ түс балансы) (Реңкті реттеу)
Нысаннан шағылысқан жарық түсі жарық көзінің түсіне қарай өзгереді. Адам миы жарық көзі
түсінің өзгерістеріне бейімделуге қабілетті, яғни ақ түсті нысандар көлеңкеде, күннің тік
сəулелерінің немесе жылу бөлетін жарық астында қарағанда ақ болып көрінеді. Сандық
фотокамералар осы түзетуді суреттерді жарық көзінің түсіне қарай өңдеу арқылы
қайталауы мүмкін. Бұл «ақ түс балансы
» деген атпен белгілі. Табиғи түстер үшін түсіру
алдында жарық көзіне сəйкес ақ түс балансы параметрін таңдаңыз.
Auto (Авто) (əдепкі параметр) жарықтың көптеген түрлері үшін пайдалануға болғанмен, ақ
түс балансын аспандағы жағдайға немесе жарық көзіне лайықты ету жəне суреттегі
бұрынғыдан да табиғи көрінетін түс реңктеріне қол жеткізу үшін өзгертуге болады.
Ағымдағы
параметрді түсірген кезде мониторда растауға болады (A9). Auto (Авто) күйі
таңдалғанда ешбір бегіше көрсетілмейді.
A (авто) режимін таңдау M d түймешігі M White balance (Ақ түс балансы) M
k түймешігі
Режим Сипаттамасы
a Auto (Авто)
(əдепкі параметр)
Ақ түс балансы жарық жағдайына сəйкес болатындай автоматты
түрде реттеледі.
b Preset manual
(Алдын-ала қолмен
енгізілген мəн)
Əдеттен тыс жарықта түсіргенде қолайлы (E43).
c Daylight (Күндізгі
жарық)
Күннің тік сəулесін ескере отырып реттелетін ақ түс балансы.
d Incandescent (Жылу
бөлетін шам)
Жылу бөлетін жарық астында пайдаланыңыз.
e Fluorescent
(Флюоросцентті)
Флюоросцентті жарық астында пайдаланыңыз.
f Cloudy (Бұлтты) Суретке бұлыңғыр аспан астында түсірген кезде пайдаланыңыз.
g Flash (Жарқыл) Жарқылмен бірге пайдаланыңыз.