Анықтамалық нұсқаулық

E45
Анықтамалық бөлім
Үздіксіз суретке түсіру
Параметрлерді үздіксіз немесе BSS (ең жақсы кадрды таңдау) деп өзгертіңіз.
A (авто) режимін таңдау M d түймешігі M Continuous (Үздіксіз) M k түймешігі
Режим Сипаттамасы
U Single (Жалғыз)
(əдепкі параметр)
Ысырманы босату түймешігі басылған сайын бір сурет түсіріледі.
k Continuous H
(Үздіксіз Н)
Ысырманы босату түймешігі соңына дейін басылып тұрғанда,
суреттер шамамен 10 кадр/сек жылдамдықпен үздіксіз түсіріледі
(сурет режимі P 4608×3456 деп орнатылғанда). Түсіру ысырманы
босату түймешігін босатқанда немесе 7 сурет түсірілгенде
аяқталады.
m Continuous L
(Үздіксіз L)
Ысырманы босату түймешігі соңына дейін басылып тұрғанда,
6 дейін сурет шамамен 2 кадр/сек жылдамдықпен үздіксіз түсіріледі
(сурет режимі P 4608×3456 деп орнатылғанда). Түсіру ысырманы
босату түймешігін босатқанда аяқталады.
q Pre-shooting cache
(Түсіру алдындағы кэш)
Алдын ала түсіру кэші ысырманы босату түймешігін соңына дейін
басудан бұрыш суреттерді сақтау арқылы тамаша сəттерді түсіруді
оңай етеді. Алдын ала түсіру кэшін түсіру ысырманы босату
түймешігін жартылай басқанда басталпып, ысырманы соңына дейн
басқанда жалғасады (E48).
Кадрлар жылдамдығы: 18 кадр/сек дейін
Кадрлар саны: 5 кадрға дейін (алдын ала түсіру кэшінде түсірілген
екі кадрды қоса)
Түсіру ысырманы босату түймешігін босатқанда немесе кадрлардың
ең көп саны түсірілгенде аяқталады.
n Continuous H:
120 fps (Үздіксіз Н: 120
кадр/с)
Ысырманы босату түймешігін соңына дейін басқан сайын шамамен
1/125 с немесе одан тезірек жылдамдықпен 50 кадр түсіріледі.
Сурет режимі O деп бекітіледі (сурет өлшемі: 640 × 480 пиксел).
j Continuous H: 60 fps
(Үздіксіз Н: 60 кадр/с)
Ысырманы босату түймешігін соңына дейін басқан сайын шамамен
1/60 с немесе одан тезірек жылдамдықпен 25 кадр түсіріледі.
Сурет режимі M деп бекітіледі (сурет өлшемі: 1280 × 960 пиксел).