Анықтамалық нұсқаулық
E47
Анықтамалық бөлім
B Суретті үздіксіз режимде түсіру мүмкіндігі туралы ескертпелер
• Single (Жалғыз) параметрінен басқа параметр таңдалғанда, жарқылды пайдалану мүмкін емес.
Фокус, экспозиция жəне ақ түс балансы əр циклдағы алғашқы сурет үшін анықталған мəндерге
орнатылады.
• Түсіруден кейін суреттерді сақтау біраз уақыт алуы мүмкін. Суреттерді сақтауды аяқтау үшін
кететін уақыттың мөлшері суреттердің санына, сурет режиміне, жад картасының жазу
жылдамдығына, т.б. байланысты.
• ISO сезімталдығы артқанда, түсірілген суреттерде бұрмалану пайда болуы мүмкін.
• Ағымдағы сурет режимінің параметріне, қолданылған жад картасына немесе суретке түсіру
жағдайына қарай үздіксіз фотосурет түсіру кезіндегі кадр жылдамдығы өзгеріп тұруы мүмкін.
• Continuous (Үздіксіз) параметрі Pre-shooting cache (Түсіру алдындағы кэш), Continuous H:
120 fps (Үздіксіз Н: 120 кадр/с), Continuous H: 60 fps (Үздіксіз Н: 60 кадр/с) немесе Multi-shot
16 (Бірнеше кадрлы 16) деп орнатылғанда флюоресцентті, сынап буы немесе натрий буы
сияқты жоғары жылдамдықпен жыпылықтайтын жарықта түсірілген суреттерде жарықтықта
немесе реңкте жолақтар немесе айырмашылықтар орын алуы мүмкін.
• Кейбір параметрлерді басқа функциялармен бірге пайдалану мүмкін емес (A70).
B BSS туралы ескертпелер
BSS тұрақты нысандарды түсіру үшін қолайлы. Нысан қозғалса немесе композиция өзгерсе, BSS
қажет нəтижелерді бермеуі мүмкін.
C Үздіксіз түсіру режимінде түсірілген суреттер
Суреттер Continuous H (Үздіксіз Н), Continuous L (Үздіксіз L), Pre-shooting cache (Түсіру
алдындағы кэш), Continuous H: 120 fps (Үздіксіз Н: 120 кадр/с) немесе Continuous H: 60 fps
(Үздіксіз Н: 60 кадр/с) параметрін пайдаланып түсірілген сайын, түсірілген суреттер «рет» (E13)
түрінде сақталады.