Анықтамалық нұсқаулық
E48
Анықтамалық бөлім
C Pre-shooting Cache (Түсіру алдындағы кэш)
Pre-shooting cache (Түсіру алдындағы кэш) таңдалғанда, түсіру ысырманы босату түймешігін
жартылай 0,5 секунд немесе ұзағырақ басқанда басталады, ысырманы босату түймешігін соңына
дейін баспай тұрып түсірілген суреттер, сонымен бірге, ысырманы соңына дейін басқаннан кейін
түсірілген суреттермен бірге сақталады. Алдын ала түсіру кэшінде екі суретке дейін сақтауға
болады.
Алдын ала түсіру кэшінің параметрін түсірген кезде мониторда растауға болады (A9). Ысырманы
босату түймешігін жартылай басқан кезде алдын ала түсіру кэшінің белгішесі (Q) жасыл түспен
жанады.
• Егер қалған экспозициялар саны бестен азырақ болса, алдын ала түсіру кэшінің көмегімен түсіру
мүмкін емес. Түсіру алдында бес немесе көбірек экспозиция қалғанын тексеріңіз.
C Қосымша мəлімет
• Қосымша мəлімет алу үшін «Автофокустауға сай келмейтін нысандар» (A76) бөлімін қараңыз.
• Қосымша мəлімет алу үшін «Үздіксіз (ретпен) түсірілген суреттерді көру жəне жою» (E13)
бөлімін қараңыз.
Жартылау басу арқылы сақталған суреттер Соңына дейін басу арқылы
сақталған суреттер
Жартылай басу Соңына дейін басу