Анықтамалық нұсқаулық

E54
Анықтамалық бөлім
Нысанды бақылау функциясын пайдалану
Суретке түсіру кезінде жылжытылған нысанға фокустау үшін мына режимді пайдаланыңыз.
Нысанды тіркеген кезде нысанды бақылау функциясы басталып, фокустау аумағы
нысанды автоматты түрде іздейді.
1 Нысанды тіркеңіз.
Монитордың ортасындағы ақ жиекке тіркегіңіз келген
нысанды біріктіріп, k түймешігін басыңыз.
Нысанды фотокамера фокусталмаса, жиек қызыл түсті
болып жанады. Композицияны өзгертіп, нысанды тіркеуді
қайталаңыз.
Нысан тіркелгенде, нысанның айналасында сары жақтау
(фокустау аумағы) көрсетіледі жəне фотокамера сол
нысанды бақылай бастайды.
Нысанды тіркеуден бас тарту үшін k түймешігін басыңыз.
Фотокамера тіркелген нысанды бақылауды тоқтатса,
фокустау аумағы жоғалады жəне тіркеуден бас
тартылады. Нысанды қайта тіркеңіз.
2 Суретке түсіру үшін ысырманы босату
түймешігін толық басыңыз.
Ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде
фотокамера фокус аумағын фокустайды. Фокус аумағы
жасыл түспен жанады жəне фокус құлыпталады.
Фокустау аумағы көрсетілмеген кезде ысырманы босату
түймешігі жартылай басылса, фотокамера кадрдың
ортасындағы аумақты фокустайды.
B Нысанды бақылау туралы ескертпелер
Нысанды тіркеу үшін масштабтау қалпын, жарқыл режимін, экспозициялау түзетілім
параметрлерін жəне мəзір параметрлерін реттеңіз.
Белгілі бір суретке түсіру жағдайларында нысанды бақылау функциясы орындалмауы мүмкін.
Сандық масштабтауды пайдалану мүмкін емес.
A (авто) режимін таңдау M d түймешік M AF area mode (АФ аумағы режимі) M
k түймешік M s Subject tracking (Нысанды бақылау) M k түймешік M d түймешік
Start
F3.1
F3.1
1/ 250
1/250