Анықтамалық нұсқаулық
E61
Анықтамалық бөлім
2 Суреттерді (99 суретке дейін) жəне əрбір
көшірмелерінің (тоғызға дейін) санын
таңдаңыз.
• Суреттерді таңдау үшін мульти селектор J немесе K
түймешігін басыңыз, басып шығарылатын көшірмелер
санын белгілеу үшін H немесе I түймешігін басыңыз.
• Басып шығару үшін таңдалған суреттер M белгішесімен
жəне басып шығарылатын көшірмелер санын көрсететін
нөмірлік көрсеткішпен көрсетіледі. Суреттер үшін ешқандай көшірме белгіленбесе, таңдау
тоқтатылады.
• Толық өлшемде қарау режиміне ауысу үшін масштабтауды басқару элементін g (i) күйіне
бұрыңыз. Алты сурет нобайына оралу үшін масштабтауды басқару элементін f (h)
күйіне бұрыңыз.
• Параметрлерді орнату аяқталғаннан кейін k түймешігін басыңыз.
3 Суретті түсіру күнін жəне түсіру мəліметін
басып шығару немесе шығармауды
таңдаңыз.
• Date (Күні) опциясын таңдап, басып шығару ретіндегі
барлық суреттерде түсірілген күнді басып шығару үшін k
түймешігін басыңыз.
• Info (Мəлімет) опциясын таңдап, басып шығару ретіндегі
барлық суреттерде түсіру ақпаратын (ысырма
жылдамдығы жəне апертура мəні) басып шығару үшін k
түймешігін басыңыз.
• Басып шығару ретін толтыру үшін Done (Дайын) пəрменін таңдап, k түймешігін басыңыз.
• Ойнату кезінде басып шығару үшін таңдалған суреттер w белгішесімен (A10) көрсетіледі.
Print selection
Back
311
Print order
Date
Done
Info