Анықтамалық нұсқаулық
COOLPIX S6500 фотокамерасының белгілеу мүмкіндіктері
Түсіріп жатқан кезде қолдануы қызықты жəне оңай кескінді түйзету əсерлері
p Quick effects (Жылдам əсерлер)...................... A30, 39
Жай түсіру, таңдау жəне сақтау арқылы əсерлері бар суреттерді үш оңай қадаммен
жасаңыз.
Отыз əсерлер қол жетімді. Кез келген смартфон бағдарламасында сияқты суретте əр
əсердің нəтижесін алдын ала қарауға жəне көрініске немесе көңіл-күйге қолайлысын
таңдауға болады.
Кейінірек (A33) ойнату кезінде
k түймешігін түрту арқылы суреттерге əсерлерді де
қолдануға болады.
Нысанды автоматты түрде анықтайтын автофокус функциясы
M Target finding AF (Нысанды табу АФ) ................ A75
Target finding AF (Нысанды табу АФ) функциясы камераға адам, гүл немесе кішкентай
заттар сияқты суреттің негізгі тақырыбын анықтауға мүмкіндік береді. Фотокамера нысанға
автоматты түрде фокусталып, сізге фокустау туралы ойлаусыз суретті еркін жасауға
мүмкіндік береді.
Бұған қоса, фотокамера фокустау аумағын нысан өлшеміне сəйкес болатындай автоматты
түрде реттеп, мақсатты нысанда анық фокусты қамтамасыз етеді.
Интеллектуалдық
құрылғыны пайдаланып, фотокамераны қашықтан басқару
Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі) функциясы............ A107
Фотокамераға бекітілген Wi-Fi (Wi-Fi желісі) (сымсыз жергілікті желі) функциясы*
фотокамераға сымсыз қосылған интеллектуалдық құрылғыны пайдалану арқылы
фотокамера ысырмасын қашықтан босатуға мүмкіндік береді.
Фотокамераның мониторы сымсыз қосылған құрылғының экранында көрсетіліп,
фотокамерада нысанды қашықтан ұлғайту немесе кішірейтуге мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ,
сақталған суреттерді фотокамерадан интеллектуалдық құрыдғыға тасымалдауға болады.
* Wi-Fi (Wi-Fi желісі) (сымсыз жергілікті желі) функциясын пайдалану үшін интеллектуалдық
құрылғыға Wireless Mobile Utility (Wireless Mobile Utility бағдарламасы) орнатылуы қажет (A108).