Анықтамалық нұсқаулық

E72
Анықтамалық бөлім
B Суреттерді көшіру туралы ескертпелер
JPEG, MOV, WAV жəне MPO пішіміндегі файлдарды көшіруге болады. Кез келген басқа пішімде
сқаталған файлдарды көшіру мүмкін емес.
Егер көшіру үішн таңдалған суреттерге дауыстық жазбалар (E69) бекітілген болса,
суреттермен бірге дауыстық жазбалар да көшіріледі.
Фотокамераның басқа түрі арқылы түсірілген немесе компьютерде өзгертілген суреттермен бірге
жұмыс жасайтынына кепілдік берілмейді.
Print order (Басып шығару реті) (E60) опциялары қосылған суреттерді көшіргенде, басып
шығару ретінің параметрлері көшірілмейді. Бірақ, Protect (Қорғау) (E65) қосылған суреттерді
көшіргенде, қорғау параметрі көшіріледі.
Ішкі жадтан немесе жад картасынан көшірілген суреттерді немесе бейнефильмдерді авто
сұрыптау режимінде (E10) көрсету мүмкін емес.
Егер альбомға көшірілген сурет (E6) көшірілсе, көшірілген сурет альбомға қосылмайды.
C Реттегі суреттерді көшіру туралы ескертпелер
Егер рет (E13) үшін тек негізгі сурет көрсетілгенде Selected images (Таңдалған суреттер)
ішінде реттің негізгі суретін таңдасаңыз, реттегі барлық суреттер көшіріледі.
Егер d түймешігін басып, k түймешігін басқаннан кейін Current sequence (Ағымдағы рет)
опциясын таңдап, реттегі суреттерді жеке суреттер ретінде көрсетсеңіз, реттегі барлық суреттер
көшіріледі.
Егер k түймешігін басып, реттегі суреттерді жеке суреттер ретінде көрсетсеңіз, Card to camera
(Жад картасынан фотокамераға) (жад картасынан ішкі жадқа) сурет көшірмесі қол жетімді
болады.
C Егер «Memory contains no images (Жадында еш сурет жоқ).» көрсетілсе
Егер фотокамераға суреттер бар жад картасы салынса, фотокамераны ойнату режиміне
ауыстырғанда Memory contains no images (Жадында еш сурет жоқ). көрсетіледі. Copy (Көшіру)
опциясын таңдау үшін d түймешігін басып, фотокамераның ішкі жадында сақталған суреттерді
жад картасына көшіріңіз.
C Қосымша мəлімет
Қосымша мəлімет алу үшін «Файл жəне қалта атаулары» (E111) бөлімін қараңыз.