Анықтамалық нұсқаулық
E75
Анықтамалық бөлім
C Кадрлар жылдамдығы жəне деректерді тасымалдау жылдамдығы
• Бейнефильм түсіру кезіндегі кадр жылдамдығы дегеніміз секундына көрсетілетін кадрлар саны.
•
Бейнефильмнің деректерді тасымалдау жылдамдығы — əр секундта жазылған бейнефильм
деректерінің көлемі. Жазылып жатқан нысанға байланысты деректерді тасымалдау жылдамдығын
автоматты түрде реттеу үшін айнымалы деректерді тасымалдау жылдамдығын (VBR) кодтау
пайдаланылады. Қозғалысы көп нысанды бейнефильмдерге түсіргенде, өлшем артады.
HS бейнефильм опциялары
Жазылған бейнефильмдер жылдам немесе баяу қозғалыста ойнатылады.
«Бейнефильмдерді баяу қозғалыспен жəне тез қозғалыспен жазу (HS бейнефильмі)»
(E77) бөлімін қараңыз.
* Бейнефильмдерді жазу кезінде фотокамераны қалыпты жылдамдықтан баяу немесе жылдам
қозғалыс бейнефильмін жазу опциясына жəне кері ауыстыруға болады.
Мұнда көрсетілген ең көп жазу уақыты тек баяу қозғалыспен немесе тез қозғалыспен жазылған
бейнефильм бөлігіне қатысты.
B HS бейнефильмі туралы ескертпелер
• Дыбыс жазылмайды.
•
Масштабтау орны, фокустау, экспозиция жəне ақ түс балансы бейнефильмді жазу басталған кезде құлыпталады.
• h HS 480/4× (Жоғары жылдамдықты 480/4×) параметрін арнайы əсерлер режимінде (A51)
Soft (Жұмсақ) немесе Nostalgic sepia (Носталгиялық сепия) əсерімен пайдалануға болмайды
Екі параметрді де бір мезгілде пайдалансаңыз, бірінші қосылатын параметр ғана қосылады. Егер
арнайы əсерлер режимінде алдымен Soft (Жұмсақ) немесе Nostalgic sepia (Носталгиялық
сепия) əсерлерін пайдаланып, кейін басқа түсіру режиміне ауыстырып, h HS 480/4× (Жоғары
жылдамдықты 480/4×) опциясын таңдаған жағдайда да, арнайы əсерлер режиміне өтіп, Soft
(Жұмсақ) немесе Nostalgic sepia (Носталгиялық сепия) əсерлерін таңдаған кезде,
бейнефильм параметрлері автоматты түрде i HS 720/2× параметріне ауысады.
Режим
Кадр өлшемі
(жазылған нүктелер)
Пішімдік арақатынасы
(тігінен көлденеңіне)
Сипаттамасы
h HS 480/4×
(Жоғары
жылдамдықты 480/4×)
640×480
4:3
1/4-жылдамдықтағы баяу қозғалыс
бейнефильмдері жазылады.
• Ең көп жазу уақыты*: 10 секунд (ойнату
уақыты: 40 секунд)
i HS 720/2×
1280×720
16:9
1/2-жылдамдықтағы баяу қозғалыс
бейнефильмдері жазылады.
• Ең көп жазу уақыты*: 30 секунд (ойнату
уақыты: 1 минут)
j HS 1080/0.5×
1920×1080
16:9
2× жылдамдықтағы жылдам қозғалыс
бейнефильмдері жазылады.
• Ең көп жазу уақыты*: 2 минут (ойнату
уақыты: 1 минут)