Анықтамалық нұсқаулық

E99
Анықтамалық бөлім
TV Settings (ТД параметрлері)
Теледидарға қосу параметрлерін реттейді.
C HDMI жəне HDMI-CEC
HDMI (High-Definition Multimedia Interface) — мультимедиалық интерфейс. HDMI-CEC (HDMI
тұтынушы электроникасын басқару) үйлесімді құрылғылардың өзара əрекеттесуіне мүмкіндік
береді.
d түймешігін M z мəзір белгішесін M TV settings (ТД параметрлері) M k түймешігін
басыңыз
Режим Сипаттамасы
Video mode (Бейне
режим)
NTSC жəне PAL (PAL стандарты) біреуін таңдаңыз.
HDMI
HDMI шығысының ажыратымдылығын Auto (Авто) (əдепкі
параметр), 480p, 720p немесе 1080i ішінен таңдаңыз. Auto (Авто)
параметрі таңдалғанда, фотокамера қосылған теледидар үшін ең
қолайлы опция 480p, 720p немесе 1080i ішінен автоматты түрде
таңдалады.
HDMI device control (HDMI
құрылғысын басқару
құралы)
Теледидарға HDMI арқылы қосылғанда фотокамера HDMI-CEC
стандартын қолдайтын теледидардан сигналдарды қабылдай
алатынын немесе алмайтынын таңдаңыз. On (Қосулы) (əдепкі
параметр) таңдалғанда, ойнату кезінде фотокамераны басқару үшін
теледидардың қашықтан басқару құралын пайдалануға болады.
Қосымша мəлімет алу үшін «Теледидардың қашықтан басқару
құралын (HDMI құрылғысын басқару құралын) пайдалану» (E28)
бөлімін қараңыз.
HDMI 3D output (HDMI 3D
шығысы)
Осы фотокамерамен түсірілген 3D суреттерді HDMI құрылғыларына
шығару үшін пайдаланылатын əдісті орнатыңыз. 3D суреттерді үш
өлшемді түрде ойнату үшін On (Қосулы) (əдепкі параметр)
параметрін таңдаңыз.