Анықтамалық нұсқаулық

E100
Анықтамалық бөлім
Charge by Computer (Компьютер арқылы зарядтаңыз)
Фотокамера компьютерге USB кабелі (A86) арқылы жалғанған кезде, фотокамераға
салынатын батареяны зарядтау немесе зарядтамау керектігін таңдаңыз.
B Компьютерге жалғау арқылы зарядтау мүмкіндігі туралы ескертпелер
Фотокамера дисплейінің тілі жəне күн мен уақыт орнатылғанға дейін фотокамера компьютерге
жалғанған кезде, батареяны зарядтау немесе деректерді көшіру мүмкін болмайды (A20). Егер
фотокамера сағаты батареясының (A22) қуаты таусылған болса, батареяны компьютерге
жалғау арқылы зарядтаудан немесе суреттерді көшіруден бұрын күн мен уақытты бастапқы
қалпына келтіру қажет. Мұндай жағдайда, батареяны зарядтау жəне фотокамераның күні мен
уақытын орнату үшін EH-70P зарядтау айнымалы ток адаптерін (A16) пайдаланыңыз.
Егер фотокамера өшірілген болса, зарядтау да тоқтайды.
Зарядтау кезінде компьютер ұйқы режиміне енсе, зарядтау тоқтайды жəне фотокамера өшуі
мүмкін.
Фотокамераны компьютерден ажыратқан кезде, фотокамераны өшіріңіз, содан кейін USB
кабелін суырыңыз.
Қуаты толық таусылған батареяны зарядтау үшін шамамен 3 сағат жəне 15 минут қажет.
Батарея зарядталып жатқан кезде сурет көшірілсе, зарядталу уақыты ұлғаяды.
Фотокамера компьютерге жалғанған кезде, Nikon Transfer 2 сияқты компьютерге орнатылған
қолданба іске қосылуы мүмкін. Егер фотокамера компьютерге тек батареяны зарядтау үшін
жалғанған болса, қолданбадан шығыңыз.
Батареяның зарядталуы аяқталғаннан кейінгі 30 минут ішінде компьютермен ешқандай
байланыс болмаса, фотокамера автоматты түрде өшеді.
Компьютердің техниалық сипаттамаларына, параметрлеріне, əрі қуат көзі мен бөлуге
байланысты фотокамераға салынған кезде компьютер қосылымын пайдаланып батареяны
зарядтау мүмкіндігі болмауы мүмкін.
d түймешігін M z мəзір белгішесін M Charge by computer (Компьютер арқылы
зарядтаңыз) M k түймешігін басыңыз
Режим Сипаттамасы
a Auto (Авто)
(əдепкі параметр)
Фотокамера жұмыс жасап тұрған компьютерге жалғанған кезде,
фотокамераға салынған батарея компьютер ұсынатын қуат арқылы
автоматты түрде зарядталады.
Off (Өшірулі)
Фотокамера компьютерге жалғанған кзеде фотокамера ішіне
салынған батарея зарядталмайды.