Анықтамалық нұсқаулық
E102
Анықтамалық бөлім
Blink Warning (Жыпылықтау туралы ескерту)
Келесі режимдерде бетті анықтау (A73) мүмкіндігі қосулы түрде суретке түсірген кезде,
фотокамераның жыпылықтаған адамдарды анықтауы немесе анықтамауы керектігін
белгілеңіз.
• A (автоматты) режимі ( AF аймағы режимінде Face priority (Бет басымдығы) (E51)
опциясы таңдалған кезде)
• Scene auto selector (Көріністің авто селекторы) (A41), Portrait (Портрет) (A41)
немесе Night portrait (Түнгі портрет) (A42) көрініс режимі
B Жыпылықтау туралы ескерту жөнінде ескертпе
Жыпылықтау туралы ескерту Single (Жалғыз) (E45) параметрінен басқа үздіксіз параметрлерде
жұмыс істемейді.
d түймешігін M z мəзір белгішесін M Blink warning (Жыпылықтау туралы ескерту) M
k түймешігін басыңыз
Режим Сипаттамасы
On (Қосулы)
Фотокамера бетті анықтау мүмкіндігі арқылы түсірілген суретте
жыпылықтап қалған болуы мүмкін бір немесе бірнеше адамды
анықтаған кезде, мониторда Did someone blink? (Біреу
жыпылықтады ма?) экраны пайда болады.
Ысырма босатылған кезде жыпылықтап қалған болуы мүмкін
адамның беті сары жиекті жақтау ішіне алынады. Осы орын алса,
суретті тексеріп, тағы бір суретті түсіру керек немесе керек емес
екенін анықтаңыз.
Қосымша мəлімет алу үшін «Жыпылықтау туралы ескерту экраны»
(E103) бөлімін қараңыз.
Off (Өшірулі)
(əдепкі параметр)
Жыпылықтау туралы ескерту өшіріледі.