Анықтамалық нұсқаулық
E111
Анықтамалық бөлім
Файл жəне қалта атаулары
Суреттерге, бейнефильмдерге немесе дауыстық жазбаларға файл аттары төмендегідей
ретте беріледі.
* Соның ішінде, A (авто) режимінде жылдам əсерлер функциясын (A39) пайдаланып өңделген
суреттер
• Файлдар қалта нөмірі, одан кейін «NIKON» келетін атаулар берілген қалталарда
(мысалы, «100NIKON») сақталады. Қалта ішіндегі файлдардың нөмірі 9999 жеткен
кезде, жаңа қалта жасалады. Файл нөмірлері «0001» деп басталып, автоматты түрде
тағайындалады.
• Дауыстық жазба файлы аттарының дауыстық жазба тіркелген суретпен бірдей
идентификаторы жəне файл нөмірі болады.
• Copy (Көшіру)>Selected images (Таңдалған суреттер) арқылы көшірілген файлдар
жадтағы ең үлкен файл нөмірінен бастап өсетін реттегі жаңа файл нөмірлері берілетін
ағымдағы қалтаға көшіріледі. Copy (Көшіру)>All images (Барлық суреттер) бастапқы
ортадағы барлық қалталарды көшіреді; файл аттары өзгермейді, бірақ жаңа қалта
нөмірлері межелі ортадағы ең үлкен қалта нөмірінен басталып өсетін ретте беріледі
(E71).
DSCN0001.JPG
Идентификатор (фотокамера мониторында
көрінбейді)
Бастапқы фотосуреттер
(дауыстық жазба тіркемесімен
бірге) жəне бейнефильмдер
DSCN
Кішігірім көшірмелер (дауыстық
жазба тіркемесімен бірге)
SSCN
Кесілген көшірмелер (дауыстық
жазба тіркемесімен бірге)
RSCN
Шағын сурет немесе қиюдан*
басқа суретті өңдеу функциясы
арқылы жасалған суреттер
(соның ішінде, дауыстық жазба
тіркемелері) жəне бейнефильмді
өңдеу функциясы арқылы
жасалған бейнефильмдер
FSCN
Кеңейтім (файл пішімін көрсетеді)
Фотосуреттер .JPG
Бейнефильмдер .MOV
Дауыстық жазбалар .WAV
3D суреттер .MPO
Файл нөмірі («0001» басталып, өсетін ретте
автоматты түрде тағайындалады)