Анықтамалық нұсқаулық

F2
Техникалық жазбалар жəне тақырыптық көрсеткіш
Фотокамераның жарамды мерзімін ұзарту жəне жұмысын барынша тиімді пайдалану
Фотокамера
Осы Nikon өнімін игіліңізге ұзақ уақыт бойы пайдалану үшін құрылғыны пайдаланған немесе
сақтаған кезде «Қауіпсіздігіңіз үшін» (Aviii-x) бөліміндегі ескертулерге қоса, төменде
сипатталған сақтық шараларын есте сақтаңыз.
B Түсіріп алмаңыз
Өнім қатты соққыға немесе дірілге душар болса, ақаулы күйде жұмыс жасауы мүмкін.
B Объективті жəне барлық қозғалатын бөлшектерін абайлап пайдаланыңыз
Объективке, объектив қақпағына, мониторға, жад картасы ұяшығына немесе батарея бөліміне күш
қолданбаңыз. Бұл бөлшектер тез зақымдалады. Объектив қақпағын күшпен басу фотокамераның
ақаулы күйде болуына немесе объективтің зақымдалуына əкелуі мүмкін. Монитор сынып қалса,
сынған əйнектің салдарынан болатын жарақат алмау жəне дисплейдегі сұйық кристалдың теріге
тиюіне немесе көзге немесе ауызға кіруіне жол бермеу үшін сақ болу қажет.
B Құрғақ күйде сақтаңыз
Құрылғыны суға батырсаңыз немесе жоғары жылдамдық əсеріне ұшыратсаңыз, ол зақымдалады.
B Температураның оқыс өзгерістерін болдыртпаңыз
Салқын кезде жылытылатын ғимаратқа кірген немесе шыққан кезде орын алатын температураның
оқыс өзгерістері құрылғы ішінде конденсаттың түзілуіне əкелуі мүмкін. Конденсаттың түзілуіне жол
бермеу үшін құрылғыны температураның оқыс өзгерісіне ұшыратудан бұрын оны тасымал
сөмкесіне немесе пластмасса сөмкеге салыңыз.
B Қатты магнит өрістерінен алшақ жерде ұстаңыз
Бұл құрылғыны қатты электромагниттік радиация немесе магниттік өрістер тудыратын жабдықтың
маңайында пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз. Радио таратқыштар сияқты жабдық тудыратын
қатты статикалық заряд немесе магниттік өрістер мониторға кедергі келтіруі, жад картасында
сақталған деректерді зақымдауы немесе өнімнің ішкі схемаларына əсер етуі мүмкін.