Анықтамалық нұсқаулық
F4
Техникалық жазбалар жəне тақырыптық көрсеткіш
• Батареяның қолданыс кезінде қызып кетуі мүмкін екенін ескеріңіз; зарядтаудан бұрын
батареяның салқындауын күтіңіз. Осы сақтық шараларын сақтамау батареяны зақымдауы, оның
жұмысын нашарлатуы немесе оның қалыпты түрде зарядталуына кедергі келтіруі мүмкін.
• Салқын күндері батарея сыйымдылығының төмендейтінін ескеріңіз. Егер төмен температурада
заряды біткен батарея пайдаланылса, фотокамера қосылмайды. Сырттағы салқын ауа-райында
суретке түсіруден бұрын батареяның толық зарядталғанына көз жеткізіңіз. Қосымша
батареяларды жылы жерде ұстаңыз жəне қажетінше ауыстырыңыз. Жылығаннан кейін, салқын
батарея зарядының белгілі бір бөлігін қайтаруы мүмкін.
• Батареяның ұштарындағы лас нəрселер фотокамераның жұмыс жасауына жол бермеуі мүмкін.
Батарея ұштары лас болса, пайдаланудан бұрын оларды таза, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
• Егер батарея біраз уақыт бойы пайдаланылмаса, фотокамераға салып, сақтау үшін алу алдында
зарядытн соңына дейін бітіріңіз. Батареяны қоршаған орта температурасы 15°C пен 25°C
салқын орында сақтау керек. Батареяны ыстық немесе өте салқын жерлерде сақтамаңыз.
• Пайдаланбаған кезде, батареяны фотокамерадан немесе қосымша батареяны зарядтау
құрылғысынан əрдайым шығарып тұрыңыз. Салғанда, тіпті пайдаланылмаған кезде де
батареядан токтың аздаған мөлшері алынады. Бұл батарея зарядының шамадан тыс бітуіне
жəне қызмет етуінің толығымен тоқтауына əкелуі мүмкін. Батарея қуаты таусылған кезде
фотокамераны қосу немесе өшіру батареяның жарамды мерзімін қысқартуы мүмкін.
• Батареяны, кем дегенде, əр алты ай сайын бір рет зарядтап тұрыңыз жəне оны сақтаудан бұрын
қуатын толық кетіріңіз.
• Фотокамерадан немесе қосымша батарея зарядтағыштан алғаннан кейін батареяны қамтылған
батарея қорабына салып, салқын орында сақтаңыз.
• Бөлме температурасында пайдаланған кезде, толықтай зарядталған батареяның белгілі бір
уақыт ішінде тез азаюы оны ауыстыру қажеттігін білдіреді. Жаңа EN-EL19 батарея сатып
алыңыз.
• Батарея зарядты сақтап тұра алмайтын кезде, оны ауыстырыңыз. Қолданыста болған
батареялар бағалы ресурс болып табылады. Пайдаланылған батареяларды жергілікті
ережелерге сай қайта кəдеге жаратыңыз.
Зарядтау айнымалы ток адаптері
Пайдалану алдында «Қауіпсіздігіңіз үшін» (Aviii-x) бөліміндегі ескертулерді оқып, орындаңыз.
• EH-70P зарядтау айнымалы ток адаптері тек үйлесімді құрылғылармен қолданылу үшін
жасалған. Құрылғының өзге түрімен немесе үлгісімен бірге пайдаланбаңыз.
• EH-70P құрылғысы айнымалы тогы 100-240 В, 50/60 Гц электр көздерімен үйлесімді. Басқа
елдерде пайдаланғанда, қажет болса ашалы адаптерді (сатылады) пайдаланыңыз. Аша
адаптерлеріне қатысты қосымша мəлімет алу үшін саяхат агенттігіне хабарласыңыз.