Анықтамалық нұсқаулық

F6
Техникалық жазбалар жəне тақырыптық көрсеткіш
Тазалау жəне сақтау
Тазалау
Алкогольды, сұйылтқышты немесе өзге ұшқыш химиялық заттарды пайдаланбаңыз.
Сақтау
Қолданылмаған кезде фотокамераны өшіріп қойыңыз. Фотокамераны жинаудан бұрын қуат
шамының өшкеніне көз жеткізіңіз. Фотокамера ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса,
батареяны алып қойыңыз. Фотокамераны нафталин немесе камфора түйірлерімен бірге
немесе келесі орындарға сақтамаңыз:
Теледидар немесе радио сияқты қатты электромагнитті өрістер шығаратын жабдықтың
маңайында
–10°C-тан төмен немесе 50°C-тан жоғары температуралар əсер ететін
жерде
Дұрыс желдетілмейтін немесе ылғалдылығы 60% астам жерлерде
Зеңнің пайда болуына жол бермеу үшін фотокамераны сақталған жерінен, ең кемі, айына
бір рет шығарып тұрыңыз. Фотокамераны қосыңыз жəне оны қайта салып қоюдан бұрын
ысырманы бірнеше рет босатыңыз.
Батареяны сақтау үші «Батарея» (F3) тарауының «Фотокамераның жарамды мерзімін
ұзарту жəне жұмысын барынша тиімді пайдалану» (
F2) ішіндегі сақтық шараларын
сақтаңыз.
Объектив
Əйнек бөліктерін саусақтарыңызбен ұстауға тырыспаңыз. Тозаң немесе ұлпаны ауа
үргішпен (əдетте екінші жағынан ауа ағымын шығару үшін басылатын ұшына
жалғанатын резеңке сауыты бар кішігірім құрылғы болып табылады) кетіріңіз.
Желдеткішпен кетпейтін саусақ іздерін немесе өзге дақтарды кетіру үшін ортасынан
бастап, шеттеріне қарай бағытталған спиральды қозғалыстар көмегімен объективті
жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Егер бұл нəтиже бермесе, объективті еркін
сатылымдағы объектив тазалағышымен аздап ылғалданған шүберекпен тазалаңыз.
Монитор
Тозаң мен ұлпаны ауа үргішпен кетіріңіз. Саусақ іздері мен өзге дақтарды кетіру
үшін қатты қысым жасамау үшін сақтық сақтай отырып, мониторды жұмсақ, құрғақ
шүберекпен сүртіңіз.
Корпус
Тозаңды, лас нəрсені немесе құмды кетіру үшін желдеткішті пайдаланыңыз, содан
кейін жұмсақ, құрғақ шүберекпен ақырын сүртіңіз. Фотокамераны жағажайда немесе
өзге де құмды немесе шаң-тозаңды ортада пайдаланғаннан кейін, құм, шаң-тозаң
немесе тұз түйіршіктерін аздап таза сумен ылғалданған шүберекпен ақырын сүртіп,
құрғатыңыз. Фотокамера ішіндегі бөгде заттың кепілдік тарапынан
қамтылмаған зақым əкелуі мүмкін екенін ескеріңіз.