Анықтамалық нұсқаулық
F23
Техникалық жазбалар жəне тақырыптық көрсеткіш
Қолдау көрсетілетін стандарттар
• DCF: Design Rule for Camera File System (Фотокамераның файлдық жүйесіне арналған
жобалық ереже) фотокамераның əртүрлі түрлері арасында үйлесімділіктің болуын
қамтамасыз ету үшін сандық фотокамера саласында кеңінен қолданылатын стандарт
болып табылады.
• DPOF: Digital Print Order Format (Сандық баспаға тапсырыс беру пішімі) суреттерді жад
картасында сақталған басып шығару реттерінен басып шығаруға мүмкіндік беретін
салалық стандарт болып табылады.
• Exif 2.3 нұсқасы: Сандық фотокамераларға арналған
Exchangeable image file пішімінің
(Exif) 2.3 нұсқасы — суреттер Exif үйлесімді принтерлер арқылы шығарылғанда
фотосуреттермен бірге сақталған ақпаратты оңтайлы түсті репродукциялау үшін
пайдалануға мүмкіндік беретін стандарт.
• PictBridge: Бұл фотосуреттерді фотокамераны компьютерге жалғамастан тікелей
принтерге жіберуге мүмкіндік беретін сандық фотокамера жəне принтер өндіруші
компаниялары бірлесіп жасаған стандарт болып табылады.
AVC Patent Portfolio лицензиясы
Бұл өнім AVC Patent Portfolio лицензиясы бойынша тұтынушының жеке жəне
коммерциялық емес мақсатта мыналарды орындау үшін пайдалануына
лицензияланған: (i) бейнені AVC стандартына («AVC бейнесі») сай кодтау жəне/
немесе (ii) жеке жəне коммерциялық емес іс-əрекетпен айналысатын тұтынушы
кодтаған жəне/немесе AVC бейнесін қамтамасыз етуге лицензияланған бейне
жеткізушісінен алынған AVC бейнесін кодсыздандыру. Кез келген басқа пайдалануға
лицензия берілмейді немесе тұспалданбайды
. Қосымша ақпаратты MPEG LA, L.L.C.
компаниясынан алуға болады
http://www.mpegla.com сайтын қараңыз.