Анықтамалық нұсқаулық
17
Түсіру мен ойнатудың негіздері
3 Айнымалы токпен зарядтау адаптерін электр көзінен ажыратыңыз,
одан кейін USB кабелін ажыратыңыз.
Зарядтау шамы
B Айнымалы токпен зарядтау адаптері туралы ескертпелер
Пайдаланбай тұрып ix бетіндегі жəне «Зарядтау айнымалы ток адаптері» (F4) бөліміндегі EH-70P
айнымалы токпен зарядтау адаптері туралы ескертулерді оқып шығып, орындаңыз.
C Компьютерді немесе батарея зарядтағышты пайдаланып зарядтау
• Сондай-ақ, EN-EL19 қайта зарядталатын литий-иондық батареясын фотокамераны компьютерге
жалғау арқылы зарядтауға болады (A86, E100).
• EN-EL19 батареясын фотокамераны пайдаланбай зарядтау үшін MH-66 батарея зарядтағышын
(бөлек сатылады; E113) пайдалануға болады.
C Зарядтау кезінде фотокамераны пайдалану
Егер зарядтау айнымалы ток адаптерін пайдаланып жатқан кезде, қуат қосқышын бассаңыз
немесе c (қарау) түймешігін бассаңыз, фотокамера ойнату режимінде қосылады жəне суретті
ойнатуға болады. Түсіру мүмкін емес.
Күй Сипаттамасы
Баяу жыпылықтайды
(жасыл)
Батарея зарядталуда.
Өшірулі
Батарея зарядталып жатқан жоқ. Зарядтау аяқталған кезде, зарядтау
шамы жасыл түспен жыпылықтауын тоқтатады жəне өшеді.
Жылдам
жыпылықтайды
(жасыл)
• Қоршаған орта температурасы зарядтауға бейім емес. Батареяны
іште, 5°C - 35°C қоршаған орта температурасында зарядтаңыз.
• USB кабелі немесе зарядтау айнымалы ток адаптері дұрыс
жалғанбаған немесе батареяға қатысты ақау бар. USB кабельді
ажыратыңыз немесе зарядтау айнымалы ток адаптерін суырыңыз
жəне оны қайтадан дұрыстап жалғаңыз немесе батареяны
ауыстырыңыз.