Анықтамалық нұсқаулық
19
Түсіру мен ойнатудың негіздері
B Жад карталарын пішімдеу
• Өзге құрылғыда қолданылған жад картасын осы фотокамераға алғаш салған кезде оны осы
фотокамера арқылы пішімдеуді ұмытпаңыз.
• Жад картасында сақталған барлық деректер карта пішімделген кезде біржолата
өшіріледі.
Егер жад картасында сақтау керек деректер бар болса, пішімдемей тұрып бұл деректерді
компьютерге көшіріңіз.
• Жад картасын пішімдеу үшін жад картасын фотокамераға салып, d түймешігін басыңыз жəне
параметрлерді орнату мəзірінен Format card (Жад картасын пішімдеу) пəрменін таңдаңыз
(A104).
B Жад карталары туралы ескертпелер
Қосымша ақпарат алу үшін «Жад карталары» (F5) бөлімін жəне жад картасымен бірге келген
құжаттаманы қараңыз.
Жад карталарын алу
Фотокамераны өшіріп, қуат шамының жəне монитордың
өшкеніне көз жеткізіңіз жəне батарея бөлімінің/жад картасы
ұяшығының қақпағын ашыңыз.
Жад картасын фотокамераға жайлап итеріп (1) картаны
жартылай шығарыңыз, содан кейін картаны алыңыз (2). Оны
бір бұрышпен тартпаңыз.
B Жоғары температураға байланысты ескерту
Фотокамераны пайдаланғаннан кейін фотокамера, батарея жəне жад картасы ыстық болуы мүмкін.
Батареяны немесе жад картасын суырған кезде сақ болыңыз.
Ішкі жад жəне жад карталары
Камера деректері, сондай-ақ суреттер мен фильмдер камераның ішкі жадында (шамамен
25 МБайт) немесе жад картасында сақталуы мүмкін. Суретке түсіру немесе ойнату үшін
фотокамераның ішкі жадын пайдалану үшін алдымен жад картасын алып тастаңыз.