Анықтамалық нұсқаулық

22
Түсіру мен ойнатудың негіздері
C Тіл параметрін жəне күн мен уақыт параметрін өзгерту
Бұл параметрлерді z параметрлерді орнату мəзіріндегі (A104) Language (Тіл) жəне Time zone
and date (Уақыт белдеуі жəне күні) параметрлерін пайдаланып өзгертуге болады.
Жазғы уақытты z орнату мəзірінен Time zone and date (Уақыт белдеуі жəне күні) тармағынан
кейін Time zone (Уақыт белдеуі) бөлімін таңдау арқылы қосуға немесе өшіруге болады. Мульти
селектор K түймешігін басыңыз, сонан соң жазғы уақытты қосып, сағатты бір сағат алға жылжыту
үшін H түймешігін басыңыз; жазғы уақытты өшіріп, сағатты бір сағат артқа жылжыту үшін I
түймешігін басыңыз. Сапардың ақырғы нүктесі (x) таңдалған кезде, сапардың ақырғы нүктесі
мен үйдегі уақыт белдеуі (w) арасындағы уақыт айырмашылығы автоматты түрде есептеледі
жəне таңдалған аумақтағы күн мен уақыт суретке түсірген кезде сақталады.
Күн мен уақытты орнатпастан шықсаңыз, суретке түсіру экраны пайда болған кезде O
жыпылықтайды. Күн мен уақытты (A104) орнату үшін параметрлерді орнату мəзірінде Time
zone and date (Уақыт белдеуі жəне күні) параметрін пайдаланыңыз.
C Сағат батареясы
Камераның сағаты орнатылған қосымша батареядан қуат алады.
Қосымша батарея фотокамераға негізгі батарея салынған немесе фотокамера қосымша
айнымалы ток адаптеріне жалғанған кезде зарядталады жəне шамамен он сағат бойы
зарядталғаннан кейін сағатты бірнеше күн бойы жұмыс істете алады.
Егер фотокамераның қосымша батареясының қуаты таусылып қалса, фотокамера қосылған
кезде күн мен уақыт параметрінің экраны пайда болады. Күні мен уақытын қайта орнатыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін «Дайындық 4 Дисплей тілін, күнін жəне уақытын орнату» бөлімінің
3-қадамын (A20) қараңыз.
C Түсірілген күнін басылып шығатын суреттерде көрсету
Суретке түсіруден бұрын күні мен уақытын орнатыңыз.
Параметрлерді орнату мəзірінде (A104) Print date (Басып шығару күні) орнату арқылы
суреттердің түсірілуі барысында түсірілген күнін тұрақты басып шығаруға болады.
Суретке түсіру күнін Print date (Басып шығару күні) параметрін пайдаланбастан басып
шығарғыңыз келсе, ViewNX 2 бағдарламасы арқылы басып шығарыңыз (A88).