Анықтамалық нұсқаулық

25
Түсіру мен ойнатудың негіздері
Фотокамераны қосу жəне өшіру
Фотокамера қосылған кезде, қуат шамы (жасыл) жанады, содан кейін монитор қосылады
(қуат шамы монитор қосылған кезде өшеді).
Фотокамераны өшіру үшін қуат қосқышын басыңыз. Фотокамера өшірілген кезде, қуат
шамы мен дисплей өшеді.
Фотокамераны ойнату режимінде қосу үшін c (қарау) түймешігін басып тұрыңыз.
Объектив ұзартылмайды.
C Қуатты үнемдеу функциясы (Auto Off (Автоматты өшіру))
Егер белгілі бір уақыт бойы ешқандай əрекет орындалмаса, монитор өшеді, фотокамера күту
режиміне енеді жəне қуат шамы жыпылықтайды. Егер шамамен тағы бір үш минут бойы ешқандай
əрекет орын алмаса, фотокамера автоматты түрде өшеді.
Фотокамера күту режимінде болғанда, келесі əрекеттердің кез келгені орындалса, монитор
қайтадан қосылады.
Қуат ажыратқышын, ысырманы босату түймешігін, A (түсіру режимі) түймешігін, c (ойнату)
түймешігін немесе b (e бейнефильмді жазу) түймешігін басу
Фотокамераның күту режиміне енуіне дейін өтетін уақытты баптау мəзіріндегі (A104) Auto off
(Автоматты өшіру) параметрі арқылы өзгертуге болады.
Əдепкіде, фотокамера күту режиміне суретке түсіру режимін немесе ойнату режимін
пайдаланған кезде бір минуттай уақыт ішінде енеді.
Егер қосымша EH-62G айнымалы ток адаптерін пайдаланып жатсаңыз, фотокамера күту
режиміне 30 минуттан кейін енеді (бекітілген).
C Айнымалы ток қуат көзі туралы ескертпелер
Суреттерді түсіру жəне суреттерді ойнату мақсатында фотокамераға розеткадан қуат беру үшін
EH-62G айнымалы ток адаптерін (бөлек сатылады; E113) пайдалануға болады.
EH-62G басқа айнымалы ток адаптерінің өзге түрін немесе үлгісін, ешбір жағдайда,
пайдаланбаңыз. Осы сақтық шарасын орындамау фотокамераның шамадан тыс қызуына немесе
зақымдануына əкелуі мүмкін.
850
850
25
m
0s
25
m
0s
Жыпылықтайды
Ешқандай амал
орындалмайды
Ешқандай амал
орындалмайды
3 мин
Фотокамера күту
режиміне енеді.
Фотокамера өшеді.