Анықтамалық нұсқаулық
29
Түсіру мен ойнатудың негіздері
C Штативті пайдаланғанда
• Келесі жағдайларда фотокамераны тұрақтандыру үшін штативті пайдалануды ұсынамыз:
- Жарығы жеткіліксіз жерде түсіргенде немесе жарқыл режимі (A58) W (өшірулі) күйіне
орнатылғанда
- Телефото параметрін пайдаланғанда
• Суретке түсіру барысында фотокамераны тұрақтандыру үшін штативті пайдаланған кезде,
Vibration reduction (Дірілді азайту) параметрін баптау мəзіріндегі Off (Өшірулі) күйіне қойыңыз
(A104).
Масштабтауды пайдалану
Оптикалық масштабтау мүмкіндігін қосу үшін масштабтауды
басқару элементін пайдаланыңыз.
• Нысанға ұлғайту үшін масштабтауды басқару элементін
g (телефото) күйіне бұрыңыз.
• Кішірейту жəне үлкендеу аумақты қарау үшін
масштабтауды басқару элементін f (кең бұрыш) күйіне
бұрыңыз.
Фотокамераны қосқанда, масштабтау ең үлкен кең бұрыш
күйіне жылжиды.
• Масштабтауды басқару элементі бұралған кезде,
монитордың жоғарғы
жағында масштаб индикаторы
пайда болады.
• Сандық масштабтау нысанды одан əрі шамамен 4× ең
көп оптикалық масштабтау қатынасына дейін ұлғайтуға
мүмкіндік береді. Оны фотокамера ең көп оптикалық
масштабтау күйіне масштабталғанда масштабтауды
басқару элементін g күйіне бұрып, ұстап тұру арқылы белсендіруге болады.
C Сандық масштабтау жəне интерполяция
Сандық масштабтауды пайдаланғанда масштабтау V күйінен аса
арттырылғанда, сурет сапасы интерполяцияға байланысты
төмендейді. Сурет өлшемі азайғанда V күйі оңға жылжитындықтан,
сурет режимі параметрінде (A64) шағындау сурет өлшемін таңдау
интерполяцияға байланысты сурет сапасын төмендетпестен одан əрі
ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Кішірейту Ұлғайту
Оптикалық
масштабтау
Digital zoom
(Сандық
масштабтау)
Кішкентай сурет
өлшемі