Анықтамалық нұсқаулық
30
Түсіру мен ойнатудың негіздері
4-қадам Фокустау жəне түсіру
1 Ысырманы босату түймешігін жартылай
басыңыз (A31).
• Негізгі нысанды анықтағанда, фотокамера сол
нысанды фокустайды. Нысан фокуста болған кезде,
фокустау аумағы жасыл түспен жанады (ең көбі үш
аумақ).
Қосымша мəлімет алу үшін «Нысанды табу АФ
пайдалану» (A75) бөлімін қараңыз.
• Сандық масштабтауды пайдаланғанда, фотокамера кадр
ортасындағы нысанға фокусталады жəне фокустау
аумағы көрсетілмейді. Фотокамера фокусталғанда,
фокустау индикаторы (A 9) жасыл түспен жанады.
• Ысырманы босату түймешігі жартылай басылып тұрған
кезде, фокустау аумағы немесе фокустау индикаторы
қызыл түспен жыпылықтауы мүмкін. Бұл фотокамераның
фокустай алмайтындығын білдіреді. Композицияны
өзгертіп, ысырманы босату түймешігін қайтадан жартылай
басыңыз.
2 Ысырманы босату түймешігін соңына дейін
төмен басыңыз (A31).
• Ысырма босатылып, сурет сақталады.
3 Түсірілген суретке əсерді қолдану үшін k
түймешігін басыңыз.
• Əсерді таңдау экраны көрсетіледі. Қосымша мəлімет алу
үшін «Жылдам əсерлерді пайдалану» (A39) бөлімін
қараңыз.
• d түймешігін басқанда немесе бес секунд шамасында
ешқандай əрекет орындалмағанда, монитор дисплейі
түсіру экранына қайтарылады.
• Оң жағында көрсетілген экранды көрсетпеу үшін Quick
effects (Жылдам əсерлер) режимін Off (Өшірулі) (A69) режиміне орнатыңыз.
F3.1
F3.1
1/ 250
1/250
Quick eects
Choose eectCancel