Анықтамалық нұсқаулық
31
Түсіру мен ойнатудың негіздері
Ысырманы босату түймешігі
B Суреттерді жазуға жəне бейнефильмдерді сақтауға қатысты ескертпелер
Суреттер жазылып немесе бейнефильм сақталып жатқан кезде қалған экспозициялар санын
көрсететін индикатор немесе максималды бейнефильм ұзақтығын көрсететін индикатор
жыпылықтайды. Индикатор жыпылықтап тұрған кезде, батарея бөлімінің/жад картасы
ұяшығының қақпағын ашпаңыз немесе батареяны немесе жад картасын алмаңыз. Бұлай
ету деректердің жоғалуына немесе фотокамераның немесе жад картасының зақымдалуына əкелуі
мүмкін.
B Фокустауға қатысты ескертпелер
Қосымша мəлімет алу үшін «Автофокустауға сай келмейтін нысандар» (A76) бөлімін қараңыз.
C АФ қосымша жарығы жəне жарқыл
Егер нысанның жарығы жеткіліксіз болса, ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде
АФ қосымша жарығы (A104) жануы жəне ысырманы босату түймешігін соңына дейін басқанда
жарқыл (A57) жануы мүмкін.
C Кадрды түсіру уақытын өткізіп алмау үшін
Егер кадрды түсіру мезгілін өткізіп алу мазалайтын болса, ысырманы босату түймешігін алдымен
жартылай баспастан соңына дейін басыңыз.
Жартылай басу
Фокусты жəне экспозицияны (ысырма жылдамдығы жəне
апертура мəні) орнату үшін аздаған кедергіні сезгенше ысырманы
босату түймешігін жайлап басыңыз. Ысырманы босату түймешігі
жартылай басылып жатқанда фокус жəне экспозиция құлыптаулы
күйде болады.
Толық басу
Ысырманы босату түймешігін жартылай басып тұрып, ысырманы
босату жəне суретті түсіру үшін ысырманы босату түймешігін одан
əрі толық басыңыз.
Ысырманы босату түймешігін күшпен баспаңыз, өйткені бұл
фотокамераны шайқап, бұлдыр суреттерге əкелуі мүмкін.
Түймешікті ақырын басыңыз.