Анықтамалық нұсқаулық
41
Суретке түсіру мүмкіндіктері
Əр көріністің сипаттамасын көру (анықтаманы көрсету)
Көріністі таңдау экранынан қажетті көріністі таңдаңыз жəне
масштабтауды басқару элементін (A3) сол көріністің
сипаттамасын көру үшін g (j) күйіне бұрыңыз. Бастапқы
экранға қайтып оралу үшін масштабтауды басқару элементін
g (j) күйіне қайтадан бұрыңыз.
Əр көріністің сипаттамалары
x Scene auto selector (Көріністің авто селекторы)
• Фотокамераны нысанға нұсқағанда, фотокамера төмендегі тізімнен оңтайлы көрініс режимін
автоматты түрде таңдап, түсіру параметрлерін сəйкесінше реттейді.
e: Portrait (Портрет), f: Landscape (Пейзаж), h: Night portrait (Түнгі портрет), g: Night
landscape (Түнгі пейзаж), i: Close-up (Жақыннан түсіру режимі), j: Backlighting (Артқы фон
жарығын қосу), d: Other scenes (Өзге көріністер)
• Фокустау аумағы суреттің кадр жиектемесіне байланысты. Фотокамера адам бетін анықтаған
кезде, ол сол бетті фокустайды (A73).
• Фотокамера h (Түнгі портрет) көрінісін таңдағанда, жарқыл режимі баяу синхрондау кезіндегі
толықтырғыш жарқыл жəне қызыл көз əсерін азайту параметріне (U (авто) таңдалғанда)
бекітіліп, фотокамера бір суретті баяуырақ ысырма жылдамдығымен түсіреді.
• Фотокамера g (Түнгі пейзаж) көрінісін таңдағанда, жарқыл режимі орнатылған параметрге
қарамастан W (өшірулі) күйінде бекітіледі, фотокамера бір суретті баяуырақ ысырма
жылдамдығымен түсіреді.
• Суретке түсіру жағдайларына қарай, фотокамера қажетті көрініс режимін таңдамауы мүмкін.
Осындай жағдай орын алса, A (авто) режиміне (A26) ауысыңыз немесе қажетті көрініс
режимін қолмен таңдаңыз.
• Сандық масштабтауды пайдалану мүмкін емес.
b Portrait (Портрет)
• Фотокамера адам бетін анықтаған кезде, ол сол бетті фокустайды (A73).
• Ешқандай бет анықталмаса, фотокамера кадрдың ортасындағы нысанды фокустайды.
• Фотокамера тіпті ысырманы босату түймешігін жартылай баспағанда да фокусталады.
Фотокамераның фокустаған дыбысын естуге болады.
• Фотокамера тері түсін жұмсарту функциясын қолдану арқылы тері реңктерін жұмсартады
(A55).
• Сандық масштабтауды пайдалану мүмкін емес.
Easy panorama