Анықтамалық нұсқаулық
43
Суретке түсіру мүмкіндіктері
O: штативті пайдаланып O əрпімен көрсетілген көрініс режимдерін пайдаланғанда ұсынылады,
өйткені ысырма жылдамдығы баяу болады. Суретке түсіру барысында фотокамераны
тұрақтандыру үшін штативті пайдаланған кезде, Vibration reduction (Дірілді азайту)
параметрін баптау мəзіріндегі Off (Өшірулі) күйіне қойыңыз (A104).
f Party/indoor (Думанды кеш/ғимарат іші)
• Фотокамера кадрдың ортасындағы аумақты фокустайды.
• Фотокамера шайқалуының əсерлерін болдырмау үшін фотокамераны қозғалтпай ұстаңыз.
Суретке түсіру барысында фотокамераны тұрақтандыру үшін штативті пайдаланған кезде,
Vibration reduction (Дірілді азайту) параметрін баптау мəзіріндегі Off (Өшірулі) күйіне
қойыңыз (A104).
Z Beach (Жағажай)
• Фотокамера кадрдың ортасындағы аумақты фокустайды.
z Snow (Қар)
• Фотокамера кадрдың ортасындағы аумақты фокустайды.
h Sunset (Күнбатыс)
• Фотокамера кадрдың ортасындағы аумақты фокустайды.
i Dusk/dawn (Іңір/таңсəрі)
• Ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде, фокустау аумағы немесе фокустау
индикаторы (A9) əрдайым жасыл түспен жанады.
O
O