Анықтамалық нұсқаулық

44
Суретке түсіру мүмкіндіктері
j Night landscape (Түнгі пейзаж)
Ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде, фокустау аумағы немесе фокустау
индикаторы (A9) əрдайым жасыл түспен жанады.
j Night landscape (Түнгі пейзаж) таңдалғаннан кейін көрсетілетін экраннан Hand-held
(Қолмен ұстап тұру) немесе Tripod (Штатив) параметрлерін таңдаңыз.
Hand-held (Қолмен ұстап тұру) (əдепкі параметр): Бұл опцияны фотокамераны қолмен ұстап
тұрғанда бұлдыры мен бұрмалануы азайтылған кадрларды жасау үшін таңдаңыз.
- Монитордың жоғарғы сол жағындағы j белгішесі жасыл түспен жанғанда, бір суретке
біріктіріліп, сақталатын суреттер сериясын түсіру үшін ысырманы босату түймешігін соңына
дейін басыңыз.
- Ысырманы босату түймешігін соңына дейін басқаннан кейін фотокамераны фотосурет
көрсетілгенше қозғалыссыз ұстаңыз. Суретті түсіргеннен кейін, монитор түсіру экранына
ауыспай тұрып фотокамераны өшірмеңіз.
- Сақталған суретте көрінетін көру бұрышы (яғни, кадрда көрінетін аумақ) түсіру кезінде
мониторда көрінетіннен тарлау болады.
Tripod (Штатив): Бұл опцияны түсіру кезінде фотокамераны тұрақтандыру үшін штативті
немесе басқа құралды пайдаланғанда таңдаңыз.
- Орнату мəзіріндегі Vibration reduction (Дірілді азайту) (A104) параметрі On (Қосулы)
күйіне орнатылған кезде дірілді азайту өшіріледі.
- Ысырманы босату түймешігін соңына дейін басқанда бір сурет баяуырақ ысырма
жылдамдығымен түсіріледі.
Сандық масштабтауды пайдалану мүмкін емес.
k Close-up (Жақыннан түсіру режимі)
Макро режим (A62) қосылады жəне фотокамера фокустауға болатын ең жақын күйге
автоматты түрде фокустайды.
Фокустау аумағын жылжытуға болады. Фокустау аумағын жылжыту үшін k түймешігін
басыңыз, содан кейін мульти селектор H, I, J немесе K түймешігін басыңыз.
Параметрлерді келесі функциялардың кез келген біреуіне өзгерту үшін k түймешігін фокустау
аумағынан бас тарту үшін басыңыз, содан кейін қажетті параметрлерге өзгертіңіз.
-Flash mode (Жарқыл режимі)
- Self-timer (Өздігінен түсіру таймері)
- Exposure compensation (Экспозиция түзетілімі)
Фотокамера тіпті ысырманы босату түймешігін жартылай баспағанда да фокусталады.
Фотокамераның фокустаған дыбысын естуге болады.