Анықтамалық нұсқаулық
46
Суретке түсіру мүмкіндіктері
n Black and white copy (Қара жəне ақ түсті көшірме)
• Фотокамера кадрдың ортасындағы аумақты фокустайды.
• Фотокамераға жақын нысандарды түсіргенде макро режимімен (A62) бірге пайдаланыңыз.
o Backlighting (Артқы фон жарығын қосу)
• Фотокамера кадрдың ортасындағы аумақты фокустайды.
• Түсірілуі қажет сурет түріне негізделген жоғары динамикалық ауқым (HDR) функциясын қосу
немесе өшіру үшін o Backlighting (Артқы фон жарығын қосу) таңдалғаннан кейін пайда
болатын экраннан On (Қосулы) немесе Off (Өшірулі) параметрін таңдаңыз.
• Off (Өшірулі) (əдепкі параметр): Нысанның көлеңкеде көрінбей қалуын болдырмау үшін
жарқыл жанады.
- Ысырманы босату түймешігін соңына дейін басқанда, бір сурет түсіріледі.
• On (Қосулы): Бір кадрда өте жарық жəне күңгірт аумақтары бар суреттерді түсіргенде
пайдаланыңыз.
- Ысырманы босату түймешігін соңына дейін басқанда, фотокамера суреттерді үздіксіз
жоғары жылдамдықпен түсіреді, сөйтіп келесі екі суретті сақтайды.
- HDR емес құрама сурет
- Жарық аймақтарда немесе көлеңкелерде егжей-тегжейлерді жоғалту барынша
азайтылатын HDR құрама суреті
- Екінші сақталатын сурет — HDR құрама суреті. Егер тек бір суретті сақтауға жеткілікті жад
бар болса, түсіру кезінде суретті D-Lighting (D жарығы) (A84) өңдейтін сурет қана
сақталады. Онда суреттің күңгірт аумақтары түзетіледі.
- Ысырманы босату түймешігін соңына дейін басқаннан кейін фотокамераны фотосурет
көрсетілгенше қозғалыссыз ұстаңыз. Суретті түсіргеннен кейін, монитор түсіру экранына
ауыспай тұрып фотокамераны өшірмеңіз.
- Сақталған суретте көрінетін көру бұрышы (яғни, кадрда көрінетін аумақ) түсіру кезінде
мониторда көрінетіннен тарлау болады.
- Сандық масштабтауды пайдалану мүмкін емес.