Анықтамалық нұсқаулық

v
Кіріспе
Мəлімет пен сақтық шаралары
Өмір бойы білім алу ұстанымы
Nikon компаниясының өнімге қолдау көрсету жəне үйренуге бағытталған «өмір бойы білім алу
ұстанымы» аясында, үнемі жаңартылып тұратын мəліметті онлайн режимде келесі сайттардан
алуға болады:
АҚШ-тағы тұтынушылар үшін: http://www.nikonusa.com/
Еуропа мен Африкадағы пайдаланушылар үшін: http://www.europe-nikon.com/support/
Азия, Океания жəне Таяу Шығыстағы пайдаланушылар үшін: http://www.nikon-asia.com/
Өнім туралы ең соңғы мəліметті, кеңестерді, жиі қойылатын сұрақтарға (ЖҚС) берілген жауаптарды
жəне сандық кескіндерге жəне фотосурет түсіруге қатысты жалпы кеңес алып отыру үшін осы
сайттарға кіріңіз. Қосымша ақпаратты аумақтағы Nikon өкілінен алуға болады. Байланыс мəліметін
білу үшін төмендегі сайтқа кіріңіз:
http://imaging.nikon.com/
Nikon компаниясының шынайы электрондық керек-жарақтарын ғана
пайдаланыңыз
Nikon COOLPIX фотокамерасы ең жоғары стандарттарға сай жасалған жəне күрделі электрондық
схемаларды қамтиды. Осы Nikon сандық фотокамерасында ғана пайдалану үшін Nikon тарапынан
сертификатталған Nikon сауда белгісінің электрондық керек-жарақтарының (зарядтау
құрылғыларын, батареяларды, желілік зарядтау құрылғысы жəне айнымалы ток адаптерлерін
қосқанда) ғана осы электрондық схемалардың қызметтік жəне қауіпсіздік талаптары шеңберінде
жұмыс жасайтындығы расталған жəне сол үшін жасалған.
ШЫНАЙЫ NIKON ӨНІМІ ЕМЕС ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
ФОТОКАМЕРАНЫ ЗАҚЫМДАУЫ ЖƏНЕ NIKON КЕПІЛДІГІНІҢ КҮШІН ЖОЮЫ МҮМКІН.
Nikon голографиялық жапсырмасы жоқ үшінші тараптың қайта зарядталатын литий-ионды
батареяларын пайдалану фотокамераның қалыпты жұмыс жасауына кедергі келтіруі жəне
батареяның шамадан тыс қызуына, өртенуіне, жарылуына немесе ағуына əкелуі мүмкін.
Nikon сауда белгісінің керек-жарақтарына қатысты қосымша мəлімет алу үшін Nikon
компаниясының жергілікті өкілетті дилеріне хабарласыңыз.
Маңызды суреттерді түсіруден бұрын
Маңызды оқиғаларда (үйлену тойлары сияқты жағдайларда немесе фотокамераны сапарға алып
шығудан бұрын) суреттерді түсіруден бұрын, фотокамераның дұрыс жұмыс жасап тұрғанына көз
жеткізу үшін суретті сынақ ретінде түсіріп көріңіз. Nikon компаниясы өнімнің дұрыс істемеуінен
болған шығынға немесе жоғалған табысқа жауап бермейді.
Голографиялық жапсырма: Осы құрылғының
шынайы Nikon өнімі екендігін білдіреді.