Анықтамалық нұсқаулық
48
Суретке түсіру мүмкіндіктері
B Pet Portrait Auto Release (Үй жануары портретін автоматты түрде түсіру)
• Pet portrait auto release (Үй жануары портретін автоматты түрде түсіру) параметрлерін
өзгерту үшін J (n) мульти селектор түймешігін басыңыз.
- Y: Фотокамера жануардың бетін анықтағанда, ол бетті фокустайды жəне ысырма түймешігін
автоматты түрде босатады.
- OFF: Жануардың беті анықталса да, фотокамера ысырма түймешігін автоматты түрде
босатпайды. Ысырма түймешігін босату үшін ысырманы босату түймешігін басыңыз. Сонымен
бірге фотокамера адам беттерін де анықтайды (A73). Фотокамера адам бетін жəне үй
жануарының бетін бір кадрда анықтаса, ол үй жануарының бетін фокустайды.
• Үй жануары портретін автоматты түрде түсіру мүмкіндігі келесі жағдайда автоматты түрде өшеді:
- Қатарынан түсірудің бес циклы жасалғанда.
- Ішкі жад немесе жад картасы толық кезде.
Pet portrait auto release (Үй жануары портретін автоматты түрде түсіру) режимімен түсіруді
жалғастыру мақсатында оны қайтадан қосу үшін J (n) мульти селектор түймешігін басыңыз.
B Фокустау аумағы
• Фотокамера бетті анықтағанда, беттің айналасында қос жиек
(фокустау аумағы) көрсетіледі, содан кейін фотокамера
фокустағанда қос жиек жасыл түспен жанады.
• Фотокамера бірнеше ит немесе мысық бетін (беске дейін
анықтауға болады) анықтаған кезде қос жиекпен жақтауға
алынған бет мониторда ең үлкен болып көрсетіледі жəне
басқалары бір жиекпен көрсетіледі.
• Ешбір үй жануары немесе адам беттері анықталмаса,
фотокамера кадр ортасындағы нысанды фокустайды.
B Үй жануарының портреті режимі туралы ескертпелер
• Сандық масштабтауды пайдалану мүмкін емес.
• Үй жануарының камерадан қандай қашықтықта орналасқанына, үй жануарының қозғалыс
жылдамдығына, үй жануарының беті қараған бағытқа, оның бетінің айналасындағы қоршаған
орта жарықтығына, т.б. байланысты үй жануарының беті анықталмауы жəне басқа нысандар
жақтауға алынуы мүмкін.
O Pet portrait (Үй жануарының портреті)
• Фотокамераны итке немесе мысыққа нұсқағанда, фотокамера үй жануарының бетін анықтап,
оны фокустайды. Əдепкі бойынша, ысырма фокус алынғанда автоматты түрде босатылады
(pet portrait auto release (Үй жануары портретін автоматты түрде түсіру)).
• O Pet portrait (Үй жануарының портреті) режимі таңдалғаннан кейін көрсетілетін экраннан
Single (Жалғыз) немесе Continuous (Үздіксіз) параметрлерін таңдаңыз.
- Single (Жалғыз): Бір рет түсірілетін суреттер.
- Continuous (Үздіксіз): Анықталған бетті фокустау қажет болғанда фотокамера ысырманы
3 рет автоматты түрде босатады. Ысырманы қолмен босатқан кезде ысырманы босату
түймешігі төмен басылып тұрғанда 6 суретке дейін үздіксіз түсіреді. Үздіксіз түсіру үшін кадр
жиілігі 2 кадр/сек болады (Image mode (Сурет режимі) режимі P 4608×3456 режиміне
орнатылғанда).
850
850
25
m
0s
25
m
0s