Анықтамалық нұсқаулық
49
Суретке түсіру мүмкіндіктері
B 3D суреттерді түсіру туралы ескертпелер
• Қозғалатын нысандар 3D сурет түсіру үшін жарамайды.
• Фотокамера мен фон арасындағы қашықтық артқанда, суреттердің 3D əсері азырақ болады.
• Нысан күңгірт болғанда немесе екінші сурет дəл тураланбағанда суреттердің 3D əсері азырақ
болуы мүмкін.
• Көмескі жарықта түсірілген суреттер бұрмалануы бар, түйіршікті болып көрінуі мүмкін.
• Ең үлкен телефото масштабтау қалпы 35мм [135] пішімінде 144,6 мм тең болатын объективтің
көру бұрышымен шектеледі.
• k түймешігі басылса немесе шамамен 10 секундта бағыттауышпен нысан тураланбаса, бір рет
түсіргеннен кейін түсіруден бас тартылады.
• Егер фотокамера екінші суретті түсірмесе жəне тіпті бағыттауышты нысанмен туралағанда да
түсіруден бас тартса, ысырманы босату түймешігімен түсіріп көріңіз.
• Бейнефильмдерді 3D режимінде жазуға болмайды.
s 3D photography (3D фотосурет түсіру)
• Фотокамера 3D үйлесімді теледидарда немесе мониторда үш өлшемді суретті симуляциялау
үшін əр көз үшін бір суретті түсіреді.
• Фокустау аумағын кадр ортасынан басқа қалыптарға жылжытуға болады.
Бірінші рет суретке түсіруден бұрын, фокустау аумағын жылжыту үшін k түймешігін басыңыз,
содан кейін H, I, J немесе K мульти селектор түймешігін басыңыз.
Параметрлерді келесі функциялардың кез келген біреуіне өзгерту үшін k түймешігін фокустау
аумағынан бас тарту үшін басыңыз, содан кейін қажетті параметрлерге өзгертіңіз.
- Macro mode (Макро режим)
- Exposure compensation (Экспозиция түзетілімі)
• Ысырманы босату түймешігін басу арқылы бірінші суретті
түсіргеннен кейін, фотокамераны нысан монитордағы
бағыттауышпен тураланатындай көлденеңінен оңға
жылжытыңыз. Фотокамера тураланғанын анықтағанда екінші
суретті автоматты түрде түсіреді.
• Бірінші кадрдан кейін фокус, экспозиция жəне ақ түс балансы
құлыпталады, сөйтіп мониторда R көрсетіледі.
• Сақталған суретте көрінетін көру бұрышы (яғни, кадрда
көрінетін аумақ) түсіру кезінде мониторда көрінетіннен тарлау
болады.
• Бұл режимде түсірілген суреттер n (1920 × 1080) сурет өлшемімен сақталады.
• Екі түсірілген сурет 3D сурет (MPO файлы) түрінде сақталады. Бірінші сурет (сол жақ көз суреті)
JPEG файлы түрінде де сақталады.
Cancel