Анықтамалық нұсқаулық
50
Суретке түсіру мүмкіндіктері
B 3D суреттерді ойнату
• 3D суреттерді фотокамера мониторында үш өлшемді түрде ойнату мүмкін емес. Ойнату кезінде
3D суреттің сол жақ көз суреті ғана көрсетіледі.
• 3D суреттерді үш өлшемді түрде көру үшін 3D үйлесімді теледидар немесе монитор қажет.
Фотокамера мен осы үш өлшемді көруге арналған құрылғыларды (A86) жалғау үшін 3D
үйлесімді HDMI кабелін пайдаланыңыз.
• Фотокамера HDMI кабелін пайдаланып жалғағанда, параметрлерді орнату мəзіріндегі TV
settings (ТД параметрлері) (A104) келесідей орнатыңыз:
- HDMI: Auto (Авто) (əдепкі параметр) немесе 1080i
- HDMI 3D output (HDMI 3D шығысы): On (Қосулы) (əдепкі параметр)
• Фотокамера HDMI арқылы жалғанғанда жəне суреттер қаралғанда, 3D суреттер мен 3D емес
суреттер арасында ауысқанда суреттерді көрсетуге біраз уақыт кетуі мүмкін. Суреттер үш
өлшемді түрде қаралғанда, ойнатуды масштабтау мүмкін емес.
• Параметрлерді орнату туралы мəліметтер алу үшін теледидармен немесе монитормен бірге
берілген құжаттаманы қараңыз.
B 3D суреттерді көру туралы ескерту
3D үйлесімді теледидарда немесе мониторда 3D суреттерді ұзақ уақыт бойы қарағанда, көздің
ауыруы немесе жүрек айнуы сияқты ыңғайсыздық сезінуіңіз мүмкін. Тиісті пайдалану үшін
теледидармен немесе монитормен бірге келген құжаттаманы мұқият оқыңыз.