Анықтамалық нұсқаулық

53
Суретке түсіру мүмкіндіктері
Интеллектуалды портрет режимі (Күліп тұрған беттердің суреттерін түсіру)
Фотокамера күлген бетті анықтаған кезде, суретті ысырманы босату түймешігін (күлкі
таймерін) баспастан автоматты түрде түсіруге болады. Тері реңктерін жұмсарту параметрін
адам беттерінің тері реңктерін жұмсарту үшін пайдалануға болады.
1 Суретті кадрға алыңыз.
Фотокамераны адам бетіне нұсқаңыз. Қосымша мəлімет алу үшін «Бетті анықтауды
пайдалану» (A73) бөлімін қараңыз.
2 Ысырманы босату түймешігін баспай нысанның күлуін күтіңіз.
Егер фотокамера беттің қос жиекті жақтауға алынғанын анықтаса, ысырма автоматты
түрде босатылады. Қосымша мəлімет алу үшін «Smile timer (Күлкі таймері)» (A69) бөлімін
қараңыз.
Ысырманы босатқаннан кейін фотокамера беттерді жəне жымиюларды анықтауды
жалғастырады, сөйтіп күлімсіреген бетті анықтағанда ысырманы қайтадан босатады.
3 Суретке түсіруді аяқтаңыз.
Күлкіні анықтауды доғару жəне суретке түсіруді тоқтату үшін келесі амалдардың кез-
келгенін пайдалануға болады.
- Smile timer (Күлкі таймері) (A69) параметрін Off (Өшірулі) күйіне орнатыңыз.
- A түймешігін басыңыз жəне басқа түсіру режимін таңдаңыз.
- Фотокамераны өшіріңіз.
B Интеллектуалды портрет режимі туралы ескертпелер
Сандық масштабтауды пайдалану мүмкін емес.
Кейбір түсіру жағдайларында, фотокамера беттерді немесе жымиюларды анықтай алмауы
мүмкін.
Қосымша мəлімет алу үшін «Бетті анықтау туралы ескертпелер» (A74) бөлімін қараңыз.
Түсіру режиміне кіру M A (түсіру режимі) түймешігі M F Смарт портрет режимі M
k түймешігі