Анықтамалық нұсқаулық
58
Суретке түсіру мүмкіндіктері
Қол жетімді жарқыл режимдері
C Жарқыл режимінің параметрі
• Бұл параметр түсіру режиміне байланысты өзгеріп отырады. Қосымша ақпарат алу үшін «Қол
жетімді мүмкіндіктер» (A56) жəне «Əдепкі параметрлер» (A65) бөлімдерін қараңыз.
• Кейбір параметрлерді басқа функциялармен бірге пайдалану мүмкін емес (A70).
• A (авто) режимінде қолданылған жарқыл режимінің параметрі фотокамера өшкеннен кейін де
фотокамераның жадында сақталады.
U
Auto (Авто)
Жарқыл жарық көмескі кезде автоматты түрде жанады.
V
Auto with red-eye reduction (Қызыл көз əсерін азайту мүмкіндігі бар автоматты режим)
Портреттерде жарқыл тудырған қызыл көз əсерін азайту (A59).
W
Off (Өшірулі)
Жарқыл жанбайды.
Күңгірт ортада түсіргенде фотокамераны тұрақтандыру үшін штативті пайдалануды
ұсынамыз.
X
Fill flash (Толтырғыш жарқыл)
Жарқыл сурет түсірілген кезде жанады. Көлеңкелерді жəне артқы жағы жанып тұрған
нысандарды «толтыру» (жарықтандыру) үшін пайдаланыңыз.
Y
Slow sync (Баяу синхрондау)
Автоматты жарқыл режимі ысырманың баяу жылдамдығымен біріктіріледі.
Артқы көріністі қамтитын кешкі жəне түнгі портреттерге лайықталған.
Жарқыл негізгі нысанға жарық түсіреді; баяу ысырма жылдамдықтары түнде немесе
көмескі жарықта фонды түсіру үшін қолданылады.