Анықтамалық нұсқаулық
60
Суретке түсіру мүмкіндіктері
Өздігінен түсіру таймері пайдалану
Фотокамера ысырманы босату түймешігін басқаннан кейін он секунд немесе екі секунд
өткен кезде ысырманы босататын өздігінен түсіру таймерімен жабдықталған. Өздігінен
түсіру таймері түсіріп жатқан сурет ішінде болғыңыз келгенде немесе ысырманы босату
түймешігін басқан кезде орын алатын фотокамера дірілінің əсерлерін айналып өткіңіз
келгенде тиімді. Өздігінен түсіру таймерін пайдаланған кезде, штативті пайдаланған жөн
.
Суретке түсіру барысында фотокамераны тұрақтандыру үшін штативті пайдаланған кезде,
Vibration reduction (Дірілді азайту) параметрін баптау мəзіріндегі Off (Өшірулі) күйіне
қойыңыз (A104).
1 Мульти селектор J (n өздігінен түсіру
таймері) түймешігін басыңыз.
2 n 10s немесе n 2s режимді таңдау үшін H
немесе I түймешігін басып, k түймешігін
басыңыз.
• n 10s (он секунд): Үйлену тойлары сияқты маңызды
жағдайларда пайдаланыңыз.
• n 2s (екі секунд): Фотокамераның дірілдеуін болдырмау
үшін пайдаланыңыз.
• k түймешігін басқаннан кейін бірнеше секунд ішінде
параметр қолданылмаса, таңдалмайды.
• Түсіру режимі Pet portrait (Үй жануарының портреті) көрініс режимі болғанда, Y (pet
portrait auto release (Үй жануары портретін автоматты түрде түсіру)) көрсетіледі (A48).
Өздігінен түсіру таймері параметрлері n 10s жəне n 2s пайдаланылмайды.
3 Суретті кадрға алып, ысырманы
босату түймешігін жартылай басыңыз.
• Фокус пен экспозиция орнатылады.
Self-timer
10
10
F3.1
F3.1
1/ 250
1/250