Анықтамалық нұсқаулық
vii
Кіріспе
Деректерді сақтау құрылғыларын лақтыру
Суреттерді өшіру немесе жад карталары немесе кірістірілген фотокамера жады сияқты деректерді
сақтау құрылғыларын пішімдеу суретке қатысты бастапқы деректерді толық өшірмейтінін ескеріңіз.
Өшірілген файлдарды кейде еркін сатылымдағы бағдарламалар көмегімен лақтырылған сақтау
құрылғыларынан шығарып алуға болады, бұл жеке суреттерді арам пиғылда пайдалануға əкелуі
мүмкін. Мұндай деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету қолданушының өз жауапкершілігі
болып табылады.
Деректерді сақтау құрылғысын лақтырудан немесе меншік құқығын басқа адамға аударудан бұрын,
еркін сатылымдағы өшіретін бағдарлама көмегімен барлық деректерді өшіріңіз немесе құрылғыны
пішімдеңіз жəне содан кейін ешқандай жеке мəліметті қамтымайтын суреттермен (мысалы, ашық
аспан суреттері) толтырыңыз. Welcome screen (Сəлемдесу экраны) параметріндегі Select an
image (Суретті таңдаңыз) опциясы үшін таңдалған қандай да бір суреттерді де алмастыруды
ұмытпаңыз (A104). Деректерді сақтау құрылғыларын физикалық тұрғыдан жойған кезде жарақат
алып қалмау немесе мүлікті зақымдамау үшін сақ болу қажет.