Анықтамалық нұсқаулық
74
Суретке түсіру мүмкіндіктері
• Ешбір беттер анықталмағанда ысырма түймешігі жартылай басылса:
- A (авто) режимінде фотокамера ең жақын орналасқан нысан бар тоғыз фокустау
аумағының біреуін немесе бірнешеуін автоматты түрде таңдайды.
- Scene auto selector (Көріністің авто селекторы) таңдалғанда, фокустау аумағы
фотокамера таңдаған көрініске байланысты өзгереді.
- Portrait (Портрет) жəне Night portrait (Түнгі портрет) көрініс режимдерінде немесе
смарт портрет режимінде
фотокамера кадр ортасындағы аумақты фокустайды.
- Pet portrait (Үй жануарының портреті) көрініс режимінде біреуі анықталған кезде
фотокамера үй жануарының бетін фокустайды. Үй жануарының беттері анықталмаса,
фотокамера жақтаудың ортасындағы аумақты фокустайды.
• Фотокамераның фокустаған дыбысын естуге болады.
B Бетті анықтау туралы ескертпелер
• Фотокамераның беттерді анықтау мүмкіндігі көптеген факторларға, соның ішінде, беттердің
қарап тұрған бағытына байланысты. Бұған қоса, фотокамера келесі жағдайларда беттерді
анықтай алмауы мүмкін:
- Беттер күн көзілдіріктерімен немесе өзге кедергілермен жартылай жасырын болған кезде
- Беттер кадрдың тым үлкен немесе тым кіші аумағын алып тұрған кезде
• Кадрда бірнеше бет бар кезде, фотокамера арқылы анықталған беттер жəне фотокамера
фокустайтын бет əртүрлі факторларға, оның ішінде беттер қарап тұрған бағытқа байланысты
келеді.
• «Автофокустауға сай келмейтін нысандар» (A76) бөлімінде сипатталғандай кейбір сирек
жағдайларда, қос жиек жасыл түспен жанса да нысан фокуста болмауы мүмкін. Фотокамера
фокусталмаса, фокустауды құлыптау арқылы түсіріңіз (A77).