Анықтамалық нұсқаулық

75
Суретке түсіру мүмкіндіктері
Нысанды табу АФ пайдалану
A (авто) режиміндегі AF area mode (АФ аумағы режимі) (A68) режимі Target finding AF
(Нысанды табу АФ) функциясына орнатылған кезде ысырманы босату түймешігін
жартылай басқанда, фотокамера төменде сипатталғандай фокустайды.
Фотокамера негізгі нысанды анықтаса, ол сол нысанды
фокустайды. Нысан фокусталғанда, нысан өлшеміне
сəйкес келетін фокустау аумағы (үш аумаққа дейін) жасыл
түспен жанады.
Адам беттері анықталғанда
, фотокамера олардың біреуіне
фокустау басымдылығын автоматты түрде орнатады.
Фотокамера негізгі нысанды анықтамаса, ол
фотокамераға жақын тұрған нысанды қамтитын негізгі
тоғыз фокустау аумағының біреуін немесе бірнешеуін
таңдайды. Нысан фокуста болғанда, фокустағы фокустау
аумақтары (тоғыз аумаққа дейін) жасыл түспен жанады.
B Target Finding AF (Нысанды табу АФ) туралы ескертпелер
Түсіру жағдайларына байланысты фотокамера негізгі нысан ретінде анықтайтын нысан өзгеріп
отыруы мүмкін.
White balance (Ақ түс балансы) параметрі Auto (Авто) режимінен басқа режимге
орнатылғанда, фотокамера негізгі нысанды анықтамайды.
Келесі жағдайларда фотокамера негізгі нысанды дұрыс анықтамауы мүмкін.
- Мониторда көрсетілген сурет өте күңгірт немесе жарық болғанда
- Негізгі нысанда анық түстер болмағанда
- Кадр жақтауға алынып, негізгі нысан монитордың шетінде болғанда
- Негізгі нысан қайталанатын үлгіден құралғанда
F3.1
F3.1
1/ 250
1/250
Фокустау аумақтары
F3.1
F3.1
1/ 250
1/250
Фокустау аумақтары