Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

108
Фотокамераны теледидарға, принтерге немесе компьютерге
жалғау
Кескіндерді компьютерге көшіру (ViewNX-i)
ViewNX-i орнату
ViewNX-i - кескіндер мен бейнефильмдерді көру және өңдеу үшін
компьютерге көшіру мүмкіндігін беретін тегін бағдарламалық жасақтама.
ViewNX-i орнату үшін төмендегі веб-сайттан ViewNX-i орнатқышының соңғы
нұсқасын жүктеңіз және орнатуды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ViewNX-i: http://downloadcenter.nikonimglib.com
Жүйе талаптары мен басқа ақпаратты көру үшін аймағыңызға арналған Nikon
веб-сайтын қараңыз.
Кескіндерді компьютерге көшіру
1 Ішінде кескіндері бар жад картасын дайындаңыз.
Кескіндерді жад картасынан компьютерге тасымалдау үшін төмендегі
әдістердің бірін таңдай аласыз.
SD жад картасының ұяшығы/жад картасын оқу құралы: Жад картасын
компьютеріңіздің жад картасы ұяшығына немесе компьютерге жалғанған жад
картасын оқу құралына (сатып алуға болады) салыңыз.
Тікелей USB байланысы: Фотокамераны өшіріңіз және жад картасының
фотокамераға салынғанын тексеріңіз. Фотокамераны компьютерге USB
кабелі арқылы жалғаңыз.
Фотокамера автоматты түрде қосылады.
Фотокамераның ішкі жадында сақталған кескіндерді тасымалдау үшін
компьютерге жалғамас бұрын жад картасын фотокамерадан шығарыңыз.
B Фотокамераны компьютерге жалғау бойынша ескертпелер
Компьютерден USB арқылы қуат алатын барлық басқа құрылғыларды ажыратыңыз.
Фотокамера және басқа USB құрылғысын бір компьютерге бір мезгілде қосу
фотокамераның зақымдалуына немесе компьютер қуатының шамадан тыс
тұтынылуына әкелуі мүмкін, бұл фотокамера немесе жад картасын зақымдауы
ықтимал.
Кескіндерді компьютерге көшіру (ViewNX-i)
3
1
2