Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

136
Техникалық ескертпелер
Тазалау және сақтау
Фотокамераны су астында пайдаланғаннан кейін
тазалау
Фотокамераны су астында немесе жағажайда пайдаланғаннан кейін 60 минут ішінде
оны таза сумен шаю үшін төмендегі процедураны орындаңыз.
1. Батарея бөлімі/жад картасы
ұяшығының қақпағын жабық ұстап,
фотокамераны таза сумен жуыңыз.
Фотокамераны таза су құйылған таяз
тостағанға 10 минутқа салып қойыңыз.
Фотокамераны таза суға салып, кез
келген бөгде заттарды кетіру үшін оны
суда жеткілікті түрде сілкіңіз.
Фотокамера суға салынған кезде
микрофон немесе үндеткіштердегі саңылаулар сияқты су шығару
саңылауларынан біраз ауа көпіршіктері шығуы мүмкін. Бұл ақаулық
емес.
2. Су тамшыларын құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз жəне
фотокамераны жақсы желдетілетін, көлеңке орында құрғатыңыз.
Құрғату үшін фотокамераны құрғақ матаға қойыңыз.
Фотокамераны шаш кептіргіштің немесе киім кептіргіштің ыстық
ауасымен құрғатпаңыз.
3. Фотокамерада су тамшыларының қалмағандығына көз жеткізгеннен
кейін, батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағын ашыңыз
жəне құрғақ, жұмсақ шүберекті қолданып, суға төзімді қаптың немесе
фотокамераның ішіндегі суды немесе құмды сүртіп алың
ыз.
Егер ішкі жағы ылғал болған кезде қақпақ жабылса, бұл конденсацияға
немесе ақаулыққа әкелуі мүмкін.
Фотокамераны су астынан басқа шарттарда
пайдаланғаннан кейін тазалау
Объективке, мониторға немесе фотокамера корпусына жабысқан шаңды немесе
түкті кетіру үшін желдеткішті қолданыңыз. Желдеткіш арқылы кетіруге болмайтын
саусақ іздерін немесе басқа да дақтарды кетіру үшін бөліктерді жұмсақ, құрғақ
шүберекпен сүртіп алыңыз. Егер тым қатты күш салып немесе қатты шүберекпен
сүртсеңіз, ол фотокамераны зақымдауы немесе ақаулыққа себеп болуы мүмкін.
Тазалау жəне сақтау