Пайдаланушының қысқаша нұсқаулығы

2
Кіріспе
Фотокамераны пайдаланбас бұрын «Қауіпсіздік шаралары»
(26-42-беттер) бөлімін және барлық басқа нұсқауларды ересек адаммен бірге
мұқият оқып шығыңыз. Бұл нұсқаулықты осы фотокамераны пайдаланатын
барлық адамдар алып оқи алатын жерде сақтаңыз.
«Анықтамалық нұсқаулық» жүктеу
Анықтамалық нұсқаулықта (PDF пішімінде) осы өнімді пайдалану туралы
мәліметтер әртүрлі тілде берілген. Анықтамалық нұсқаулықты жүктеп алу
орталығымыздан жүктеп алып, оны смарт құрылғыда немесе компьютерде
анықтама ретінде сақтаңыз.
Анықтамалық нұсқаулықты Adobe Acrobat оқу құралы (Adobe веб-сайтынан жүктеп
алуға болады) немесе iBooks (iOS қолданбасы) қолданбасынан көруге болады.
Nikon бағдарламалық жасақтамасын жүктеп алу
Компьютер үшін
Бағдарламалық жасақтаманы жүктеп алу орталығымыздан жүктеп алыңыз.
ViewNX-i: Бұл бағдарламалық жасақтама кескіндер мен бейнефильмдерді
көру және өңдеу үшін компьютерге тасымалдауға мүмкіндік береді.
Смарт құрылғы үшін
SnapBridge: Сымсыз байланыс орнатқанда, осы қолданба кескіндер мен
бейнефильмдерді смарт құрылғыға жүктеуге мүмкіндік береді. Қолданбаны
жүктеп алу және байланыс орнату әдісі туралы ақпаратты «Смарт
құрылғыға жалғау» (19-бет) бөлімінен қараңыз.
«Дайындау» бөліміндегі (7-10-беттер) нұсқауларды ересек
адаммен бірге орындаңыз.
COOLPIX W100 Model Name: N1530