Анықтамалық нұсқаулық

86
x
A HDMI
Фотокамера HDMI бейне құрылғысына жалғанған кезде,
фотокамера мониторы қосулы болады жəне бейне құрылғы
объективтегі көріністі оң жақта берілгендей көрсетеді. Егер
құрылғы HDMI-CEC стандартын қолдайтын болса, тікелей
көріністе түсіруден бұрын баптау мəзірінен HDMI > Device
control (Құрылғыны басқару) параметрі үшін Off (Өшірулі)
күйін таңдаңыз (0 124).
D Тікелей көрініс режимінде түсіру
Көріністапқыш арқылы кіретін жарықтың экспозиция мəнін бұрмаламауы үшін түсіруден
бұрын резеңке көзүсті қалқанын алып, көріністапқышты жинақпен бірге келген DK-5 окуляр
қақпағымен жауып қойыңыз (0 34).
Олар ақырғы суретте көрінбейтініне қарамастан, фотокамера көлденең панорамаланса
немесе кадр ішінде нысан жоғары жылдамдықпен қозғалса, бұрмалану көрінуі мүмкін.
Фотокамераның панорамалануы кезінде қатты жарық көздері
мониторда қалдық
кескіндерді қалдыруы мүмкін. Жарық нүктелер де көрінуі мүмкін. Флюоресцентті, сынапты
немесе натрийлі шамдар астында мониторда көрінетін жыпылықтау жəне жолақтану
Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту) (0 136) арқылы азайтылады, бірақ кейбір
ысырма жылдамдықтарында олар ақырғы фотосуретте көріне беруі мүмкін. Тікелей көрініс
режимінде түсірген кезде фотокамераны күнге немесе өзге қатты жарық көздеріне
бағыттамаңыз. Бұл
сақтық шарасын орындамау нəтижесінде фотокамераның ішкі
схемалары зақымдалуы мүмкін.
Егер объектив алынса, режимді таңдау дискі g күйіне бұрылса немесе режимді таңдау
дискі g күйінен басқа параметрге бұрылса, тікелей көрініс автоматты түрде
тоқтатылады.
Тікелей көрініс фотокамераның ішкі схемаларын зақымдамау үшін автоматты түрде
аяқталуы мүмкін; фотокамера пайдаланылмаған кезде тікелей көріністен шығыңыз.
Фотокамераның
ішкі схемаларының температурасы көтеріліп, келесі жағдайларда шуыл
іздері (жарық дақтар, кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер немесе түстердің əркелкілігі)
көрінуі мүмкін екендігін (фотокамера айтарлықтай қызуы да мүмкін, бірақ бұл ақаулық емес)
ескеріңіз:
Қоршаған орта температурасы жоғары
Фотокамера ұзақ уақыт бойы тікелей көрініс режимінде немесе бейнефильмдерді жазу
үшін пайдаланылған
Фотокамера ұзақ уақыт бойы
үздіксіз түсіру режимінде пайдаланылған
Егер a түймешігін басқан кезде тікелей көрініс іске қосылмаса, ішкі схемалардың
салқындауын күтіңіз жəне əрекетті қайталаңыз.
D Кері санақ индикаторы
Тікелей көрініс автоматты түрде тоқтамас бұрын кері санақ 30 секунд көрсетіледі (
0
84
;
автоматты өшу таймері аяқталмас бұрын (
0 140
) немесе егер тікелей көрініс ішкі
схемаларын қорғау үшін тоқтамақ болса, таймер 5 секунд қызылға айналады).
Суретке түсіру
жағдайларына қарай таймер тікелей көрініс таңдалған кезде бірден пайда болуы да мүмкін.
Кері санақ индикаторы ақпараттық дисплейде немесе бейнефильмді қарау кезінде пайда
болмағанымен, тікелей көріністің таймер уақыты біткенде автоматты түрде тоқтайтынын
ескеріңіз.