Анықтамалық нұсқаулық
87
x
D Автофокустауды тікелей көріністе пайдалану
Тікелей көріністе автофокустау баяу орындалады жəне фотокамера фокустаған кезде
монитор жарық немесе күңгірт болуы мүмкін. Фотокамера келесі жағдайларда фокустай
алмауы мүмкін:
• Нысанның жақтаудың ұзын жағына параллель орналасқан сызықтары бар
• Нысанның контрасты жеткіліксіз
• Фокустау нүктесіндегі нысанның қатты контрасты бар жарық аумақтары бар немесе
нысан бір ғана тұстан шығатын
жарықпен, неон белгісімен немесе жарықтығы өзгеріп
тұратын өзге жарық көзімен жарықтандырылған
• Флюоресцентті, сынапты, натрийлі немесе соларға ұқсас жарық астында жылтылдау
немесе жолақтану іздері орын алады
• Жұлдызша түріндегі сүзгі немесе басқа арнайы сүзгі қолданылған
• Нысан фокустау нүктесінен кішілеу көрінеді
• Нысанға тұрақты геометриялық пішіндер (мысалы, перделер немесе көпқабатты үй
терезелерінің қатары) əсер
етеді
• Нысан қозғалыста
Фотокамера фокустай алмаған кезде фокустау нүктесінің кейде жасыл болып көрсетілетінін
ескеріңіз.
A Қолмен реттелетін фокус
Қолмен реттелетін фокус режимінде фокустау үшін
(0 42) объективтің фокустау сақинасын нысан
фокусталғанша бұрай беріңіз.
Дəлірек фокустау мақсатында монитордағы суретті
шамамен 9,4
× дейін ұлғайту үшін X түймешігін
басыңыз. Объектив арқылы көрініп тұрған көрініс
ұлғайтылған кезде дисплейдің төменгі оң жақ
бұрышында сұр түсті жақтауы бар шарлау терезесі
пайда болады. Мониторда көрінбейтін жақтау
аумақтарына өту үшін мульти селекторды
пайдаланыңыз (тек 9 (Wide-area AF (Кең ауқымды
АФ)) немесе ! (Normal-area AF (Қалыпты аумақ
АФ)) параметрі AF-area mode (АФ аумағының
режимі)) үшін таңдалады немесе кішірейту
үшін W (Q) басыңыз.
X түймешігі Шарлау терезесі