Анықтамалық нұсқаулық
89
y
4 Жазуды аяқтаңыз.
Жазуды тоқтату үшін бейнефильмді жазу түймешігін қайтадан басыңыз. Жазу
уақыты шегіне жеткен кезде, жад картасы толған кезде, басқа режим
таңдалған кезде немесе объектив алынған кезде жазу автоматты түрде
аяқталады.
A Бейнефильмді жазу кезінде фотосуреттерді түсіру
Бейнефильмді жазуды аяқтау үшін, фотосуретті түсіріңіз, тікелей көрініске өтіңіз, ысырманы
босату түймешігін соңына дейін басып, ысырма босатылғанша сол күйде ұстап тұрыңыз.
A Максималды ұзындығы
Əр бейнефильм файлының өлшемі 4 Гбайтқа жəне ұзындығы 20 минутқа дейін жетуі
мүмкін; жад картасының жазу жылдамдығына қарай жазу əрекеті осы ұзындыққа жеткенше
аяқталуы мүмкін (0 177).
D Бейнефильмдерді жазу
Жыпылықтау, жолақтар немесе бұрмалану мониторда жəне ақырғы бейнефильмде
люминесцентті, сынапты немесе нтрийлі шам жарығы астында немесе камера
көлденеңінен панорамаланғанда немесе кадрдағы нысан жылдам қозғалғанда көрінуі
мүмкін (жыпылықтау жəне жолақтардың пайда болуын Flicker reduction (Жыпылықтауды
азайту) арқылы азайтуға болады; 0 136). Фотокамераның панорамалануы кезінде қатты
жарық көздері қалдық кескіндерді қалдыруы мүмкін. Тілінген
шеттер, түстердің
бұрмалануы, муар əсері жəне жарық дақтар да пайда болуы мүмкін. Егер нысанға строб
немесе басқа ашық, лезде жарық көзі аз ғана уақыт бойы жарық берсе, жақтаудың кейбір
аумқтарында ашық түсті жолақтар пайда болуы мүмкін. Бейнефильмдерді жазған кезде
фотокамераны күнге немесе өзге қатты жарық көздеріне бағыттамаңыз. Бұл сақтық
шарасын орындамау
фотокамераның ішкі схемаларының зақымдалуына əкелуі мүмкін.
Фотокамера бейне мен дыбысты жаза алады; жазу кезінде фотокамераның алдыңғы
жағындағы микрофонды жаппаңыз. Кірістірілген микрофон автофокустау жəне дірілді
азайту кезінде объектив шуылын жазуы мүмкін екенін ескеріңіз.
Жарқыл жарығын бейнефильмді жазу кезінде пайдалану мүмкін емес.
Тікелей көрініс фотокамераның ішкі схемаларын зақымдамау үшін автоматты түрде
аяқталуы
мүмкін; фотокамера пайдаланылмаған кезде тікелей көріністен шығыңыз.
Фотокамераның ішкі схемаларының температурасы көтеріліп, келесі жағдайларда шуыл
іздері (жарық дақтар, кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер немесе түстердің əркелкілігі)
көрінуі мүмкін екендігін (фотокамера айтарлықтай қызуы да мүмкін, бірақ бұл ақаулық емес)
ескеріңіз:
• Қоршаған орта температурасы жоғары
• Фотокамера ұзақ уақыт бойы тікелей көрініс режимінде немесе
бейнефильмдерді жазу
үшін пайдаланылған
• Фотокамера ұзақ уақыт бойы үздіксіз түсіру режимінде пайдаланылған
Егер a түймешігін басқан кезде тікелей көрініс іске қосылмаса, ішкі схемалардың
салқындауын күтіңіз жəне əрекетті қайталаңыз.
Матрицалық өлшем таңдалған өлшеу əдісіне қарамастан пайдаланылады. Manual movie
settings (Қолмен реттелетін бейнефильм баптаулары) (0 91) үшін On (Қосулы)
параметрі таңдалмаса жəне фотокамера M режимінде болмаса
, ысырма жылдамдығы мен
ISO сезімталдық автоматты түрде реттеледі.
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
Тікелей көрініс режимінде пайда болатын индикаторларға қатысты мəлімет алу үшін 84
бетін қараңыз. Фокусты жəне АФ аумағының режимдерін таңдау туралы ақпарат алу үшін 81
бетін қараңыз. Тікелей көріністе фокустау туралы ақпарат алу үшін 87 бетін қараңыз.