Анықтамалық нұсқаулық
91
y
• Manual movie settings (Қолмен орнатылатын
бейнефильм баптаулары): Ысырма жылдамдығы мен ISO
сезімталдықты қолмен өзгертуге рұқсат беру үшін On
(Қосулы) параметрін M режимінде таңдаңыз. Ысырма
жылдамдығын
1
/4 000 с мəніне дейін орнатуға болады;
қолдануға болатын ең төмен жылдамдық кадр
жылдамдығына байланысты əртүрлі болады: 24p, 25p жəне
30p кадр жылдамдықтары үшін
1
/30 с, 50p үшін
1
/50 с жəне 60p үшін
1
/60 с. ISO
сезімталдықты ISO 200 жəне Hi 1 аралығындағы мəндерге орнатуға болады
(0 51). Егер тікелей көрініс іске қосылған кезде ысырма жылдамдығы мен ISO
сезімталдық осы ауқымдарда болмаса, олар қолдау көрсетілетін
мəндергеавтоматты түрде орнатылып, тікелей көрініс аяқталған кезде осы
мəндерде қалады. ISO сезімталдық таңдалған мəнге байланысты тұрақты
болатынын ескеріңіз; суретке түсіру мəзірінде On (Қосулы) параметрі ISO
sensitivity settings (ISO сезімталдық баптаулары) > Auto ISO sensitivity
control (ISO сезімталдықты автоматты басқару) үшін таңдалған болса,
фотокамера ISO сезімталдықты автоматты түрде реттемейді (0 129).
1 Movie settings (Бейнефильм
баптаулары) параметрін таңдаңыз.
Мəзірлерді ашу үшін G түймешігін
басыңыз. Суретке түсіру мəзірінен Movie
settings (Бейнефильм баптаулары)
белгілеңіз жəне 2 басыңыз.
2 Бейнефильм параметрлерін
таңдаңыз.
Қажетті элементті белгілеп, 2 басыңыз,
одан кейін параметрді белгілеп, J
басыңыз.
A Сыртқы микрофонды пайдалану
Қосымша ME-1 стерео микрофонын (0 177) стерео күйде дыбысты жазу немесе
автофокустау кезінде объектив дірілі себеп болған жазылып жатқан бұрмалануды азайту
үшін пайдалануға болады.
D Кері санақ индикаторы
Кері санақ индикаторы тікелей көріністің автоматты түрде аяқталуына 30 с қалғанда
көрсетіледі (0 84). Суретке түсіру жағдайларына қарай таймер бейнефильмді жазу
басталған кезде бірден пайда болуы мүмкін. Қол жетімді жазу уақытының мөлшеріне
қарамастан, тікелей көрініс таймер тоқтаған кезде автоматты түрде аяқталады.
Бейнефильм жазуды жалғастырудан бұрын ішкі схемалардың салқындауын күтіңіз.
G түймешігі