Анықтамалық нұсқаулық

96
y
Таңдалған кадрларды сақтау
Таңдалған кадрдың көшірмесін JPEG пішіміндегі сурет ретінде сақтау үшін келесі
əрекеттерді орындаңыз:
1 Бейнефильмді қарап, қажетті
кадрды таңдаңыз.
Бейнефильмді 92 бетінде сипатталғандай
қараңыз; бейнефильмдегі орынды
бейнефильм барысының жолағынан шамамен
анықтауға болады.
Көшіргіңіз келетін кадрға
келгенде бейнефильмді кідіртіңіз.
2 Бейнефильмді өңдеу параметрлерін
көрсетіңіз.
Бейнефильмді өңдеу параметрлерін
көрсету үшін A (L) түймешігін басыңыз.
3 Save selected frame (Таңдалған
кадрды сақтау) пəрменін таңдаңыз.
Таңдалған кадрды сақтау параметрін
белгілеп, J басыңыз.
4 Кадр көшірмесін жасаңыз.
Ағымдағы кадрдың көшірмесін жасау үшін
1 басыңыз.
5 Көшірмені сақтаңыз.
Таңдалған кадрдың дəл сапалы JPEG
көшірмесін жасау үшін Yes (Иə) жауабын
белгілеп, J басыңыз (0 44). Фотосурет
туралы мəлімет «тек кескін» бетін
қоспағанда (0 98), бейнефильм кадрлары
толық өлшемде қарауда f белгішесімен
көрсетіледі.
A Таңдалған кадрды сақтау
Save selected frame (Таңдалған кадрды сақтау) параметрі арқылы жасалған JPEG
пішіміндегі бейнефильм кадрларын өңдеу мүмкін емес. Бейнефильм кадрларының JPEG
суреттерінде фотосурет туралы мəліметтің кейбір санаттары болмайды (0 98).
A (L) түймешігі