Анықтамалық нұсқаулық
x
A
Жарқылды пайдаланған кезде сақ
болыңыз
• Камера жарқылын теріге немесе өзге
нысандарға жақын ұстап пайдалану
күйіктерге əкелуі мүмкін.
• Жарқылды нысанның көзіне жақын
жерде пайдалану көру қабілетінің
уақытша нашарлауына əкелуі мүмкін.
Əсіресе, сəбилерді суретке түсірген
кезде сақ болу қажет, мұндай кездерде
жарқыл нысаннан кемінде бір метр
орналасуы қажет.
A
Сұйық кристалды ұстамаңыз
Монитор сынып қалса, сынған əйнектен
жарақат алмау жəне монитордағы сұйық
кристалдың теріге тимеуі немесе көзбен
ауызға кірмеуі үшін сақ болу қажет.
A
Батареяларды пайдаланған кезде
тиісті сақтық шараларын сақтаңыз
Дұрыс пайдаланылмаса, батареялар
ағуы немесе жарылуы мүмкін.
Осы өнім
үшін пайдалану мақсатында
батареяларды пайдаланған кезде мына
сақтық шараларын орындаңыз:
• Осы жабдықта пайдалану үшін
құпталған батареяларды ғана
пайдаланыңыз
• Батареяны қысқа тұйықтап немесе
бөлшектеп алмаңыз.
• Батареяны ауыстырмас бұрын өнімнің
өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
Егер
айнымалы ток адаптерін
пайдалансаңыз, оның суырылғанына
көз жеткізіңіз.
• Батареяны төңкеріп немесе кері
бағытта салуға əрекеттенбеңіз.
• Батареяны отқа немесе шамадан тыс
ыстыққа салмаңыз.
• Суға салмаңыз немесе судың
шашырауына жол бермеңіз.
• Батареяны тасымалдаған кезде түйіспе
тұс қақпағын орнына салыңыз.
Батареяны алқа немесе шаш
түйрегіштер сияқты металдан жасалған
заттармен бірге тасымалдамаңыз
немесе сақтамаңыз.
• Толық разрядталған кезде батареялар
ағып кетуі мүмкін.
Өнімге зақым
келтірмеу үшін заряды таусылған кезде
батареяны алып тастауды ұмытпаңыз.
• Батарея қолданылмаған кезде,
терминал қақпағын салып, салқын əрі
құрғақ жерде сақтаңыз.
• Пайдаланғаннан кейін немесе өнім
батарея қуатында ұзақ уақыт бойы
пайдаланылған кезде батарея бірден
ысы кетуі мүмкін.
Батареяны алмас
бұрын фотокамераны өшіріп,
батареяның салқындауын күтіңіз.
• Батареяда түсінің немесе пішінінің
өзгеруі сияқты өзгерістерді байқасаңыз,
пайдалануды доғарыңыз.
A
Зарядтау құрылғысын пайдаланған кезде
тиісті сақтық шараларын орындаңыз
• Құрғақ күйде ұстаңыз. Осы сақтық
шарасын орындамау өртке немесе
электр тогының соғуына əкелуі мүмкін.
• Зарядтау құрылғысының түйіспелерін
қысқа тұйықтамаңыз. Осы сақтық
шарасын орындамау зарядтау
құрылғысының шамадан тыс ысуына
жəне зақымдануына əкелуі мүмкін.
• Ашаның метал бөліктеріндегі немесе
маңайындағы шаңды құрғақ
шүберекпен тазалау қажет.
Пайдалана
беру өртке əкелуі мүмкін.
•
Нажағай ойнаған кезде зарядтау
құрылғысының жанында тұрмаңыз.
Осы
сақтық шарасын орындамау электр
тогының соғуына əкелуі мүмкін.
• Ашаны немесе зарядтау құрылғысын
ылғал қолмен ұстамаңыз.
Осы сақтық
шарасын орындамау электр тогының
соғуына əкелуі мүмкін.
• Бір кернеуден екінші кернеуге
түрлендіруге арналған сапарда
қолданылатын ток түрлендіргіштерін
немесе ааптерлерін немесе тұрақты
токтан айнымалы токқа ауыстыратын
инверторларды пайдаланбаңыз. Осы
сақтық шарасын орындамау өнімнің
зақымдалуына немесе шамадан тыс
ысуына немесе өртенуіне əкелуі мүмкн.
A
Тиісті кабельдерді пайдаланыңыз
Кабельдерді кіріс жəне шығыс
ұяшықтарына жалғаған кезде, өнімнің
талаптарымен қарама-қайшылықтың
болмауы үшін Nikon тарапынан берілген
немесе сатылған кабельдерді ғана
пайдаланыңыз.
A
Ықшам дисктер
Дыбыстық ықшам дискке арналған
жабдықта бағдарлама немесе
нұсқаулықтар жазылған ықшам дисктер
ойнатылмаы тиіс.
Дыбыстық ықшам диск
ойнатқышында ықшам дисктерді ойнату
есту қабілетінің жойылуына немесе
жабдықтың зақымдалуына əкелуі мүмкін.