Анықтамалық нұсқаулық
106
I
Фотосуреттерді өшіру
Толық өлшемде қарау режимінде көрсетілген немесе сурет нобайларының
тізімінде белгіленген фотосуретті өшіру үшін O түймешігін басыңыз. Бірнеше
таңдалған фотосуретті, белгілі бір күні түсірілген барлық фотосуреттерді немесе
ағымдағы қарау қалтасындағы барлық фотосуреттерді өшіру үшін қарау мəзіріндегі
Delete (Өшіру) параметрін пайдаланыңыз. Өшірілгеннен кейін, фотосуреттерді
қалпына келтіру мүмкін емес.
Толық өлшемде қарау, пиктограмманы
қарау жəне күнтізбені қарау режимдері
1 Суретті таңдаңыз.
Суретті шығарыңыз немесе оны пиктограмманы немесе күнтізбені қарау
режиміндегі пиктограммалар тізімінен белгілеңіз.
2 O түймешігін басыңыз.
Растауға мүмкіндік беретін тілқатысу
терезесі шығады.
3 O түймешігін қайтадан басыңыз.
Фотосуретті өшіру үшін O түймешігін
қайтадан басыңыз. Фотосуретті өшірместен
шығу үшін K түймешігін басыңыз.
Толық өлшемде
қарау
Пиктограмманы
қарау
Күнтізбені қарау
(пиктограммалар
тізімі)
A Күнтізбені қарау
Күнтізбені қарау режимінде күндер тізіміндегі күнді белгілеп жəне O түймешігін басып
белгілі бір күні түсірілген барлық фотосуреттерді өшіруге болады (0 103).
O түймешігі