Анықтамалық нұсқаулық

111
Q
Q
Қосылымдар
Бұл бөлімде бірге жеткізілген UC-E17 USB кабелі арқылы фотокамераны
компьютерге қосу əдісі сипатталады.
Фотокамераны жалғаудан бұрын
Фотокамераны жалғау алдында бірге жеткізілген ViewNX 2 ықшам дискісіндегі
бағдарламаны орнатыңыз.
Деректерді көшіру əрекетінің үзілмеуін қамтамасыз ету үшін
фотокамераның EN-EL14 батареясының толық зарядталғанына көз жеткізіңіз.
Күмəніңіз болса, пайдалану алдында батареяны зарядтаңыз немесе EH-5b айнымалы
ток адаптерін жəне EP-5A қуат жағағышын (бөлек сатылады) пайдаланыңыз.
❚❚ Жинақпен бірге келген бағдарлама
ViewNX 2 суреттерді фотокамерадан компьютерге көшіруге арналған
«Nikon Transfer 2» функциясын қамтиды, ViewNX 2 бағдарлмасын таңдалған
кескіндерді қарау жəне басып шығару немесе фотосуреттерді жəне
бейнефильмдерді өңдеу үшн пайдалануға болады. Қосымша ақпарат алу үшін
ViewNX 2 желідегі анықтамасын қараңыз.
❚❚ Қолдау көрсетілетін амалдық жүйелер
Жинақпен бірге келген бағдарламаны келесі амалдық жүйелері бар
компьютерлерде пайдалануға болады:
•Windows
: Windows 7 Home Basic/Home Premium/Professional/Enterprise/Ultimate
(Service Pack 1), Windows Vista Home Basic/Home Premium/Business/Enterprise/
Ultimate (Service Pack 2) амалдық жүйелерінің алдын-ала орнатылған нұсқалары
немесе Windows XP Home Edition/Professional (Service Pack 3) жүйелерінің 32-
разрядтық шығарылымдары.
Барлық орнатылған бағдарламалар Windows 7 жəне
Windows Vista амалдық жүйелерінің 64-разрядтық шығарылымдарында 32-
разрядтық бағдарламалар ретінде іске қосыла алады. Бұл бағдарлама 64 разрядтық
Windows XP жүйесінде жұмыс істейтін компьютерлермен үйлесімді емес.
Macintosh: Mac OS X (10.5.8, 10.6.8 немесе 10.7.2 нұсқасы)
Қолдауға ие амалдық жүйелерге қатысты соңғы мəліметті алу үшін xiv бетінде
берілген веб тораптарды қараңыз.
Компьютерге қосылу
A Кабельдерді жалғау
Интерфейстік кабельдерді жалғау немесе суыру кезінде фотокамераның өшірулі екеніне
көз жеткізіңіз. Жалғағыштарды белгілі бір бұрышпен күштеп итеруге немесе салуға
тырыспаңыз. Жалғағышты пайдаланбаған кезде жалғағыш қақпағын жабыңыз.
D Көшіру кезінде
Көшіру əрекеті жүріп жатқанда камераны өшірмеңіз немесе USB кабельді суырмаңыз.
A Windows
ViewNX 2 бағдарламасын орнатқаннан кейін Nikon веб-торабына кіру үшін Windows бастау
мəзірінен All Programs (Барлық бағдарламалар) > Link to Nikon (Nikon сілтемесі)
таңдаңыз (Интернет қосылымы қажет).